Биыл бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, мұндай шешім білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған. Бұл, әсересе, ата-аналар үшін қолайлы. Уақыт жеткілікті болғандықтан ата-аналар балалары оқитын мектепті алдын-ала анықтай алады, әрі оқуға қажетті құжаттарды дер кезінде тапсыруға да мүмкіндіктері мол. Ал, осы бес айдың ішінде мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.