Home » Балабақша » Мерекенің құрметі

Мерекенің құрметі

«Тәрбие – тал бесіктен басталады». Тілі жаңадан шыққан балаға  дұрыс тәрбие,  өнегелі тәлім беруде балабақшаның орны бөлек. Ал аса жауапты әрі өте күрделі осы  істе тәрбиешілерге жүктелген міндеттің салмағы ауыр. Бұл жұмысты көбіне қыз-келіншектердің атқаратыны белгілі. Біліміне білігі сай мұндай мамандар Нұр-Сұлтан қаласындағы №85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасында жемісті еңбек етуде.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектепке дейінгі осы мекеменің меңгерушісі Альбина Нартаева (еңбек демалысында жүрсе де) ұжымдағы нәзік жандарды айтулы мерекелерімен құттықтап,  жылы лебізін білдірді. Бұл балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер қалалық және республикалық деңгейдегі түрлі жарыстарда топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Мәселен,  республика бойынша өткен «Жас талант» сайысында бас жүлдені қанжығаларына байласа,  «Бала дарын» атты онлайн сурет жарысында 1-орынды иеленді. Мұның бәрі тәрбиешілердің қажымай, талмай атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесі. Мерекелік шарада осыған айрықша тоқталған Альбина Көмекқызы барлық тәрбиешілерге алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. Мекеме басшылығының шешімімен білім беру саласына сіңірген еңбегі мен саналы ұрпақ тәрбиелеудегі адал қызметі үшін  балабақшаның бірнеше педагогі «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Нұр-Cұлтан қаласы №85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасының әдіскері
Алдиярова Раушан Бекайдаровна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.