Home » Жаңалықтар » «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми – әдістемелік конференция.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми – әдістемелік конференция.

Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты
КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақшасы» бүгін, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми – әдістемелік конференциясын өткізді.
Атадан қалған аңыз әңгімелер мен ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытып, есте сақтау қаблетін жақсартып, қиялын ұштап, шығармашылық әлеуетін арттырып, дарынды балалардың туа біткен қабілеттерін дамытып отырған ұжым, ұлттық құндылықтарды ұлықтап балаларға мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеп, санасына сіңіруде. Қалдық заттарға екінші өмір сыйлау арқылы, қазақ халқының қолөнер шеберлігін дамытып жүрген тәрбиешілердің ісмерлігі де іскерлігі де тамаша.


Балабақша ұжымы мен тәрбиеленуші бүлдіршіндер «Ертегілер елінде» қонақтарды құшақ жая қарсы алды.
Ғылыми – әдістемелік конференцияға: Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың басшысы Карасева Наталья Викторовна.
Батыс Қазақстан облысы қалалық білім беру әдіскері Адиева Жанар Ш. Батыс Қазақстан облысы Иштаева Фарида Куанышкалиевна
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің № 47 «Бәйтерек» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны әдіскері Рахметова Ару Есжановна.
Батыс Қазақстан облысы Мамбетова Насипгуль Байториевна
Қызылорда облысы «ГЧП «Ханшайым ана» бөбекжай-бақша» жеке білім беру мекемесінің меңгерушісі Қаламбаева Айгүл Нұрділдәқызы.
Гулказия Сериковна орталық әдіскер.
Сатиева Раушан орталық әдіскер
Джугетисова Асель меңгеруші.
Сарсенбаева Толқын меңгеруші. Сондай-ақ Алматы қаласы мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлері қонақ болып келді.
Мектепалды «Ұлан» тобы мен тәрбиешісі Нұрлыбаева Бақтыгүл Баяхметқызы 2020 жылы Зағипа Балиеваның қолдауымен ашылған «Абай мектебі» тәрбиеленушілері қазақтың халық әні «Бүлдіргенді» нақышына келтіріп орындап, бағдарлама барысында хакім Абай атамыздың «Күз» деген өлеңі мен «Желсіз түнде жарық ай» әнін тамылжыта салғанда, келген қонақтардың тамсанып таңдай қаққанын айтсаңызшы… Өне-бойымызды шымырлатты. «Нағыз қазақ осы, міне, танып қой»- деп кеудені еріксіз қуаныш биледі.

КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақша» меңгерушісі Бейсебекова Гулайм Жұмабайқызы нейро жүйе арқылы семинар бағдарламасымен таныстырады.
Алматы қаласының әкімдігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына басымдық беріп, назарда ұстайды.
«Алматы қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру шеңберінде 2023 жылы біз Сингапурда шетелдік тағылымдамадан өттік. Сол, Сингапурлық жобаны біз инновациялық технология ретінде балабақшамызға енгізіп отырмыз.
Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың басшылығымен біз «Ертегілер елінде» тақырыбында әдістемелік паспорт пен жоба жоспарын әзірледік. Сингапурлық әріптестердің жобасымен балабақшада ертегі терапиясы арқылы балалардың сөйлеуін, есте сақтауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытып әлемдік тәжірибені қолдану және енгізу мақсатында 2023 жылғы шілде айында біз осы жобаны іске асыруды бастадық. Біз ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін құруға тырысамыз .»Ертегілер елінде» жобасы біздің балабақша үшін көптеген оң нәтижелер әкелді. Бұл жоба бала мен тәрбиеші, балабақша мен ата- ана арасындағы қарым – қатынастың алтын көпірі болды. Ата- аналарда балабақша ішіндегі тіршіліктің қайнап жатқан өмірімен таныса отырып, бала тәрбиесі жолындағы жұмысқа педагогтармен бірге атсалысты. Ата – ана тарапынан педагогтерге қолдау көрсетілді. Қалдық заттардың көбірек жинақталуына да әсері болды. Ашық есік күндері, семинар барысында балаларының ортада өзін-өзі ұстауымен сөздік қорларының қалай дамып келе жатқанын өз көздерімен көріп, алғысы мен ризашылықтарын білдірді -дейді балабақша меңгерушісі Бейсебекова Гулайм Жұмабайқызы.

Мобильді кітапхананы ересек «Аққу» тобы мен тәрбиеші Алия Шайхисламқызы таныстырды. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың көркем шығарманы тыңдауы, түсінуі және мазмұнын айтып беруі, сондай-ақ балалардың сөйлеуін дамыту мен баланың ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын арттыру үшін кітапхана мектепке дейінгі ұйымның дәлізінде орналасқан. Онда кітаптармен қатар педагогтердің алдын-ала әзірлеген ертегілері, шығармалары, өлеңдері, тақпақтары және басқа да шығармалардың аудио жазбасын жылдам жауап беру кодымен (QR) карточкаларға орналастырып, балалардың жасына сәйкес реттілікпен қойылған. Мобильді кітапхана балаларға ыңғайлы жұмсақ кресломен, үстел, орындықтармен жабдықталған. Және ата – аналарда балаларымен қалаған уақыттарында келіп қолдана алады.

Тәрбиеші Монтанаева Лайла Азимбаевна мектепалды «Балауса» тобымен «Ғарыш әлеміне саяхат» жасады. Қазақтан шыққан ғарышкерлермен танысып балалар ғарыш әлемінің ғажайыптарымен бөлісті.
Ғарыш пен ғарышкер, аспан әлемі туралы түсініктерін қалыптастырып, ғалам мен қоршаған орта жайында баланың ой-өрісін кеңейтуді үйретіп жүрген ұстаз баланың қиялын қозғап, тұңғиық көктің тыныс тіршілігімен сусындатты. Баланы үлкендердің еңбегін бағалауға, табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке баулиды.

«Робототехника – болашақтың бағдары» ересек «Ертөстік» тобы мен тәрбиеші Ербосынова Айдана Мұхтарқызы робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойларды ойлауды , сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру барысында балалардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып келеді.

«Зообаққа саяхат» Дене шынықтыру нұсқаушысы Сатылған Раушан Есейқызы- Балалардың зообақ жайлы түсінігі мен жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту. Зообақтағы аңдарды бақылау арқылы балалардың байқағыштық қасиеттері мен қатар ойлау жүйесін дамыту. Жан – жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеуді дәріптеп отыр.

«Ертегілер еліне саяхат» Ересек «Әсем-ай» тобының тәрбиеші Кунапиянова Еркежан Абылгазиновна баланың тілін, ой — өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамытып. Сөз арқылы ойын дұрыс айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеп. Ұжымдық жұмыс дағдысын дамытып, ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, ертегіге деген сүйіспеншіліктерін арттаруға тырысты.

«Құм терапиясы» арқылы мектепалды «Балбала» тобы мен тәрбиеші Бекбауова Мерует Канатовна бала өзін жайлы сезініп, қауіпсіз күйде шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыруға ықпал етіп жүр.Танымдық және психикалық процестерді дамыту, түйсікті, есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдың ұсақ моторикаларын дамыту арқылы жолға қойған. Ауызша және іс-қимыл әдіс-тәсілдерін қолданып баланың дамуына үлес қосуда, балаларды зейін қоюға дағдыландырып, іс-әрекетке белсенділігін қадағалауда.

«Шығармашылық орталық» Мектепалды «Балдырған» тобы. Тәрбиеші Байшишева Қарлығаш Талғатқызы. Сурет салу арқылы балаларды адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, өнер түрлерінің құндылықтарын бағалауға тәрбиелейміз,-деді. Сурет салу баланың тіл байлығын арттырады. Дәстүрден тыс сурет салу баланың бойында өзгешелікке, жаңа тәсілдер арқылы қазіргі озық технологиялар заманында тың дүниелер ойлап табуға жол ашатын тәсіл екенін тілге тиек етті.

«STEAM кабинеті» Мектепалды «Балдырған» тобының тәрбиешісі Амирбекова Гульжанат Амирбековна STEАM — балаларды — ғалым ретінде зерттеу жүргізуге, технолог ретінде модельдеуге, инженер ретінде жобалауға, суретші ретінде құруға, математик сияқты аналитикалық ойлауға, балалар сияқты ойнауға шабыттандырады,-деп отыр.

«Балықтар әлемі» Мектепалды «Айгөлек» тобы Тәрбиеші Абдраманова Айнұр Тұрсынбайқызы. Мақсаты: Баланың су асты әлемі арқылы, ұсақ моторикасын шыңдап, қолмен және саусақтармен дәл қимылдар жасау қабілетін дамыту. Қолдың тактильді сезімталдығын ояту. Көрнекі ойлау мен қолдың үйлесімді жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Қолды жазуға дайындау. Әр түрлі материалдардан (пластилин, қағаз, жарма, күріш, түймелер, түрлі құрастырғыштар,майда тастар, және т.б.) қолөнер бұйымдарын жасату. Психоэмоционалды стрессті жеңілдету.

«Логопед бөлмесі» Логопед Төлеуғазиева Маржанкүл Нұртасқызы. Балабақшадағы логопед маман жұмыстарының негізгі мақсаты балалардың сөйлеу ақауларын түзету. Түзету шараларымен қатар, логопед бала тілінің ақауларын алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.
«Тұз бөлмесі» ересек «Бәйшешек» тобы Тәрбиеші Жүздібаева Айгүл Балтабайқызы сабақ өтіп жатқан «Тұз бөлмесіне» кірдік. Баланың тыныс алу органдарының ауруға төзімділігін арттырып, ұйқыны жақсартады. Баланың жалпы психоэмоционалды жағдайын нығайтуға, тұмаудың алдын алу, аденоидтардың қабынуын жою, аллергиядан арылу, иммунитетті арттырады,-дейді тәрбиеші маман.

«Заттық дамытушы орта» бұл бөлмеде мектепалды «Балбала» тобына тәрбиеші Сырлыбекқызы Гүлмира дәріс берді. Мұндай ортада бала белсенді танымдық-шығармашылық іс-әрекетпен айналысады, оның қызығушылығы артады, елестету, ақыл-ой және бейнелеу қабілеттері дамиды, коммуникативті дағдылары қалыптасады,-дейді.

«Жол ережесі» Мектепалды «Айгөлек» тобы тәрбиеші Абдулдаева Мөлдір Нұрланқызы мен жолда жүру ережесін көосетті. Баланың есте сақтауға қабілетін дамытып. Оларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу үшін не қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйретті. Көшеде жүру ережесімен таныстырып,
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша дәстүрден тыс сурет салу әдісі бойынша ашық бақылауды ұсынды.

Мектепалды даярлық «Тұлпар» тобы Тәрбиешілер Жолдай Аяулым Бахтиярқызы, Закирова Салтанат Бақытжанқызы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілерді сурет арқылы айтуға, жаңалықты қабылдау қабілетін арттыру, импровизациялауды дамыту, ізгі ниет пен жауапкершілікке тәрбиелеу керектігін жеткізді.

Балабақша педагогтарының гимні мен «Домбыра» әні педагогтардың орындауында әсерлі шықты, баланы білімге баулып, адам өмірінің фундаментін қалап жүрген жандардың талантына тәнті болдым. Білімді, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу жолында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып қызмет ету, еңбектену, іздену – бүгінгі педагог міндеті екені рас.

Көлеңке театрында педагогтар мен балалар «Ананың балаға деген мейірімі» тақырыбында қойылым көрсетіп көзге жас үйірді, еріксіз еске ананың мейірімінің шексіздігін салды.
Театрландырылған музыкалық қойылым «Алтын сақа» ертегісіне ересек, мектепалды топ бүлдіршіндері (60 бала) мен педагогтар (5). Әдіскер Шаханова Назерке Мейрбекқызы, Музыка жетекшілері Тағлым Айсұлу Қуатқызы, Раимбекова Салима Каиржановна ат салысты. Балалардың есте сақтау, ойлау, елестету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Театрға қызығушылығын ояту, қойылымға қатысу деген бала құштарлығын шыңдап, сахналық өнерді көркемдей түсті.

«Біртұтас тәрбие» қазақтың ұлттық құндылықтары тақырыбы бойынша сән үлгісін көрсеткен бүлдіршіндердің жүріс-тұрысының өзі «СӘН» ғой шіркін.

«PRO BONO» әлеуметтік еріктілер жобасы. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің № 47 «Бәйтерек» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны әдіскері Рахметова Ару Есжановна «Доклад» жасады. Келген қонақтар өздерінің пікірлерімен қоса алған әсерлерімен бөлісіп, ұжымға алғыстарын жаудырды.

Бұл жобаның ата–анаға да, балаға да, педагог пен балабақшаға да берері мол болды. Ұрпақты саналы, жан-жақты, қабілетті, дарынды етіп тәрбиелеуде ойын түрінде өтіп жатқан сабақтарымыз оң нәтижесін беріп отыр, балалар қызығушылық танытып тез түсінуде, сондықтанда бұл жобаны тоқтатпай ары қарай тереңдетіп, жалғастыруды мақсат етіп отырмыз,-деді балабақша меңгерушісі Бейсебекова Гулайм Жұмабайқызы.

Істеріңіз жемісті әрі жеңісті болсын 147 бөбекжай балабақшасы!

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Назира Сұлтанмұратқызы

One comment

  1. Назерке

    Алматы қаласы бойынша үздік балабақшалардың бірі.Балабақша ұжымына және басшысы Бейсебекова Гулайм Жумабайқызы үлкен алғысымызды айтамыз.Сіздерге шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз! Балаларға тәлім-тәрбие беруде, олардың әрқайсысының ерекше тұлға болып қалыптасуына, бақытты әрі білімді азамат болуына бағыт-бағдар көрсетудегі ерен еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз.

    Балабақша — баланың алғашқы ұстазы, алғашқы әлеуметтік орта болғандықтан, осы жерде сіздердің қамқорлықтарыңыз бен мейірімдеріңіз балалар үшін үлкен әсер қалдырады. Сіздер әрбір күнді бала үшін жарқын әрі қызықты етіп өткізіп, оларды үйрету мен тәрбиелеуде жоғары кәсібилік танытасыздар.

    Балаларымыздың қуанған жүзі мен жетістіктері — сіздердің зор еңбектеріңіз бен жанқиярлық жұмыстарыңыздың нәтижесі. Әрбір тәрбиеші, әдіскер, психолог, тәрбиеші көмекшісі, асхана қызметкері — бәрі де өз ісіне адал болып, балаларға ең жақсы жағдайды жасау үшін тер төгеді. Сіздердің еңбектеріңіз бала өміріндегі ең маңызды кезеңді қамтиды, әрі әр баланың жақсы адам болып қалыптасуына үлкен үлес қосуда.

    Сіздердің төзімділіктеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз және балаға деген шексіз махаббаттарыңыз болашақ ұрпаққа жарқын жол салады. Балаларымыздың әр жетістігі — сіздердің еңбектеріңіздің жемісі!

    Ұжымдарыңыздың әр мүшесіне денсаулық, қуаныш, отбасыларыңызға амандық, ал жұмыстарыңызға табыс тілейміз! Біз сіздермен бірге баланың өміріндегі ең маңызды сәттерге куә бола алатынымызға қуаныштымыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.