Home » Жаңалықтар » Білгенге маржан

Білгенге маржан

Алматы қаласы Білім басқармасының №21 санаториялық бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық технологиялар, тиімді әдіс-тәсілдер, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстың заманауи тәсілдері мен заттық дамытушы орта құру мәселелері бойынша еліміздің әр облысы мен қаласының, ауданы мен ауылының педагогтары үздік тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінгі Республикалық семинарға
200-ден астам педагог қатысуда.

Конференция шымылдығы балабақша меңгерушісі Сеилгазинова Гульдана Нурхановнаның алғы сөзімен түрілді.
Балабақша меңгерушісі “Білгенге маржан” жобасын іске асыру нәтижелерінің есебі мен презентациясын таныстырып өтті.

Семинардың келесі кезеңінде біз «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушілерімен бірге “Алтын күзге” саяхаттап қайттық. Күз мерекесімен үйлесе кететін көйлекпен «Күзгі жапырақтар» биін шынайы орындаған өнерпаздардың әр қимылы сөйлеп тұрды. Тәрбиеленушілер мақал-мәтелдер айтып, интеллектуальдық ойындар да ойналды. Балаларға да, қатысушыларға да қызық болғаны көкөністер мен жемістерден түрлі пішіндер жасау болды.
   
Алмадан аққу мен шаян, баялдыдан пингвин мен кеме, кәдіден кит, бананнан дельфин жасады. Бұл тапсырмалар балалардың шығармашылығын және ұсақ қол моторикасын дамытуға бағытталған. Ақ жаулықты әжемізбен “ұлттық тағамдарды тап” ойыны ойнатылды. Карвинг технологиясы ұлттық тағамдарымыздан, атап айтсақ еттен, ірімшіктен ою-өрнектер жасалды.

Тәрбиеші Жакипова А.О
«Карвинг как инструмент развития творческих навыков» тақырыбында мастер-класс өткізді. Күнделікті өмірде біз тұтынатын көкөністер мен жемістерден көздің жауын алатындай өнер туындысын жасап шығаруға болады екен. Бұл тек әдемілік үшін емес, сонымен қатар ұсақ қол моторикасын, ойлау қабілетін де дамытады. Конференция қатысушылары үш топқа бөлінді. Бірінші топ — алмадан аққу, екінші топ — бананнан дельфин, үшінші топ — алмұрт пен жүзімнен кірпі жасап шықты.

Астана қаласы №7 “Аққу” бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі
Жамалиева Кенжетай Сагиндыковна «Жаңа технологиялар арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлау және сөйлеу тілін дамыту» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісіп ойларын ортаға салды.

   
Сөздің астарында – ойдың асқары жатыр. Келген қонақтардың балабақша ұжымына деген ақ тілектерін білдіріп, ризашылықтарын жаудырды.
№21 санаториялық бөбекжай-балабақшасында өткен бұл конференциядан білім қоржындарын құнды да пайдалы ақпараттармен толтырып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Әрине, жан-жағы жұмырланған шараның артында балабақша меңгерушісі Сеилгазинова Гульдана Нурхановнаның, әдіскер мен тәрбиешілердің, сонымен қатар музыка жетекшісінің жанкешті еңбегі жатыр. Баламен бірге қуанып, баламен бірге мұңая білген ұжымның ынтымақ-бірлігіне «бәрекелді» деуден артық тілек болмас.

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.