Алматы қаласы, Бостандық ауданы, КМҚК “№72 бөбекжай-балабақшасында” мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.
Бұл конференцияда Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы және білім бөлімінің бас маманы Шолпан Муратовна, Алматы қаласының бөбекжай-балабақшаларының меңгерушілері және Астана қаласы Toddler балабақшалар желісінің негізін қалаушысы — Сайлаубекова Жансая Дулатқызы,
Астана қаласы МКҚК “Алтын дән”
№33 бөбекжай-балабақшасы әдіскері — Мухиденова Жұлдыз Амантайқызы,
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің МКҚК “Балдаурен” бөбекжай-бақша әдіскері — Картайганова Зауреш Бахытбековна, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің МКҚК “Балдырған” бөбекжай-бақша әдіскері — Маниева Арайлым Сериковна қатысты.
Конференция №72 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Жолдасбекова Айнура Тынышбековнаның алғы сөзімен басталып, балабақшаның жұлдызы Қабыл Қазтуған Саятұлының «Атамекен» әнімен жалғасты.
Сахнада өзін суда жүзген балықтай сезінген балақайдың Отанына деген махаббаты қатысушыларды орындарынан тік тұрғызды. Иә, Отанға деген махаббаттың орны бөлек-ақ.
Конференцияның негізгі бөлімінде әдіскер Сартаева Несібелі Әбубәкірқызы «Шығармашылық шеберхана» жобасының жүзеге асыру кезеңі туралы таныстырып өтті. Жоба барысында бір жарым жыл ішінде түрлі іс-шаралар өткізіліп, ата-аналармен бірлесіп жұмыстар жүзеге асырылғанына куә болдық.
Педагог-психолог Сартаева Несібелі Әбубәкірқызы және мектепалды топ тәрбиеленушілері қонақтарға
“Түрлі-түсті құммен композициялар жасау” арт-терапия жұмысын және “Поталь” стиліндегі жұмыстармен таныстырды. Тәрбиеленушілердің туындылары конференция қонақтарының көңілінен шықты.
Тәрбиешілер Чкартова Галия Сейсембаевна, Токаева Анар Геннадьевна және мектепалды топ тәрбиеленушілері “Сұйық акрилмен сурет салу” шеберлік сыныбын өткізді. Балалардың суретке деген құштарлығын аша білген тәрбиешілердің еңбегі елеулі тұрарлық.
Сондай-ақ КМҚК «№151 бөбекжай-балабақшасының» әдіскері Ибрагимова Айшахан Идрисовна
және тәрбиешісі Құлмагамбетова Л.Б. “Қағаздан бұйым жасау” шеберлік сағатын өткізді. “Қағаздан бұйым жасау” жобасының негізгі мақсаты — балалардың бойында қоршаған ортаны күту және қорғау қажеттілігі сезімін ояту, экологиялық білімін тереңдету, экологиялық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
Астана қаласы Toddler балабақшалар желісінің негізін қалаушысы — Сайлаубекова Жансая Дулатқызы,
Астана қаласы МКҚК “Алтын дән”
№33 бөбекжай-балабақшасы әдіскері — Мухиденова Жұлдыз Амантайқызы,
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің МКҚК “Балдаурен” бөбекжай-бақша әдіскері — Картайганова Зауреш Бахытбековна, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің МКҚК “Балдырған” бөбекжай-бақша әдіскері — Маниева Арайлым Сериковналар да озық ойларын ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл республикалық конференцияға ерекше үлес қосқан
№72 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі-Жолдасбекова Айнура Тынышбековна, әдіскер — Сартаева Несібелі Әбубәкірқызы және барлық балабақша ұжымын атамай кету мүмкін емес. Келген қонақтардың алған әсері мен ортақ тәжірибеден түйген ойлары, ұжымға берген оң бағасы атқарылған еңбектің жемісі. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасап отырған №72 бөбекжай-балабақша ұжымына толағай табыстар тілейміз!
BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Амангелдіқызы