Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқу –заман талабы

Қашықтықтан оқу –заман талабы

2020 жылдың 19 қазан мен 30 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі ұйым  әдіскерлеріне арналған  «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық аспектілері»  тақырыбында  қашықтықтан оқу курсы өткізілді.
Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, қашықтықтан оқыту технологиясы — білім алушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология.
Айта кету керек, қашықтықтан білім берудің дәл қазіргі уақытта маңызы өте жоғары.  Ақпараттық сандық технологиясы дамыған елдерде бұндай білім берудің формасы әлдеқашан бірізділікке түскен. Әрине, қашықтықтан оқытудың жақсы жақтары – қашықтықтан білім алу көбіне білімін жетілдіргісі келетіндер мен жұмысы тығыз адамдарға өте тиімді дер едім.  Өйткені, мұнда білімді атқарып жүрген жұмысыңнан қол үзбей және отбасыңнан алыстамай  қатар білім ала аласың немесе толықтыра аласың.
27 қазан күні  аға оқытушылар А.О. Жұманбаева мен Ж.У. Жалмуханова        «Мектепке дейінгі ұйымда  тәжірибе алмасу кәсіби қызметін ұйымдастыру  және ықтимал ресурстарды қамтамасыз ету, оның тиімділігі» жөнінде     онлайн-вебинар өткізді. Бұл вебинарда әдіскерлер өз бақшаларында қолданып жүрген технологиялармен бөлісті.
Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайының  әдіскері А.К.Оразбаева «Балабақшаның білім беру процесіндегі музей педагогикасы» атты бөбекжайда  мұражай ісінің ұлт болашағы мен бала тәрбиесінде алар орны жайлы  іс-тәжірибесімен бөлісті.
Мұражай–халықтың рухани қазынысының қайнар көзі.
«Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарымен танысудан басталады»,-деп Ө. Жәнібеков ағамыз айтқандай, «Болашақ» бөбекжайында   өскелең ұрпаққа ұлттық таным мен рухани тәрбие берудегі, танымдық, тұлғалық қабілеттерін дамытуда мәдени мұрамыз бен көне жәдігерлерді  жинақтап, өз мұражайларымен  таныстырды.
Көкшетау қаласы  №1 «Арман» балабақшасының  әдіскері  Бекбасарова  А.Х. «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби шеберліктерін дамытуға 4К моделі» атты   презентациясында   балабақша жағдайында  педагог қызметкерлерді  креативтілікке, коммуникативтілікке, сыни ойлау мен командада жұмыс жасай білуге үйрету және серіктес балабақшалармен тәжірибе алмасу арқылы нәтижелерге қол жеткізу  бойынша   ой бөлісті.
Макинск  қаласы «Балдаурен» балабақшасының  әдіскері  Дана Зоя «МДББ  мекемелерінің  оқу-тәрбие  үдерісінде   М Монтессори  технологиясын тиімді пайдалану»  бойынша  балабақшада  М Монтессори  технологиясын  дидактикалық  құралдар  арқылы  мектеп жасындағы  балалармен  жұмыс жүйесін  көрсетіп, таныстырды. М Монтессори  технологиясы  бойынша  «Өзімнің жасауыма  мүмкіндік  бер»дейді мұндағы бала.  Еркін жұмыс жасай отырып,бала  жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндейді— ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады.
Көкшетау қаласы  №12 «Мерей» балабақшасының  әдіскері  Туребекова Г.Е  «Воскобовичтың «Ертегі  лабиринттары» ойындары»  бойынша  балабақша  тәжірибесіндегі  В.В. Воскообовичтың «Ертегі  лабиринттары» ойындары» атты  тәжірибесімен  бөлісті.Бұл жәй ойын емес-бұл ертегі, қызық оқиға, көңілді кейіпкер, бұл ойын баланы ойлауға және шығармашылыққа баулиды.
Көкшетау қаласы  №18 «Мирас» балабақшасының  әдіскері Манатова  Ж.С «Ақпараттық  технология арқылы интерактивті  тақтаны қолдану» презентациясын  ұсынды.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны педагог пен  бала арасындағы негізгі бастамалардың барлығы педагог арқылы жүзеге асырылады.
Педагогтың  басты мақсаты – қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу.
Көкшетау  қаласы №4 «Еркемай» балабақшасының  әдіскері  Кожанова  Б.С «Мектеп жасына  дейінгі  балаларға  асық  технологиясын  қолданудың әдістері» атты  жұмысымен  таныстырып, жаңа мазұнды ойындарын, жаттығуларды  ұсынды, оларды оқыту және дамыту   ұйымдастырылған оқу қызметінде  қолдану  әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Курс барысында сонымен қатар жоба  және  өзіндік жұмыстарын, тест тапсырмаларын орындадық.Мектепке дейінгі  әдіскерлерге  арналған  қашықтықтан оқу курсы  мектепке дейінгі  ұйымның  барлық бағыттарын қарастырып, жас әдіскерлерге жұмыс барысында   күнделікті жұмыста қолданатын ақпаратпен қамтамасыз етті.

Екі апта бойы бізбен тығыз байланыста болған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ  кафедрасының аға оқытушылары Б.Қ.Алькенова, А.О. Жұманбаева және Ж.У. Жалмухановаларға алғысымызды айтамыз.   

 «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық аспектілері» атты мектепке
дейінгі ұйымдардың әдіскерлері  курсының тыңдаушысы:
Ақмола облысы Көкшетау қаласы №4 «Еркемай» балабақшасының
әдіскері Кожанова Бибигуль Санаковна  және
№12 «Мерей» балабақшасының әдіскері: Туребекова Г.Е.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.