Бекеева Назерке Әбдуәліқызы
Нұрсұлтан қаласы
№72 «Жанарым» МКҚО
балабақшасы тәрбиешісі
Ортаңғы «Аққу» тобындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Тақырыбы: «Күннің мол шуағы»
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыра отырып, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, жыл мезгілдері туралы білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық эстетика-лық сезімдерін ояту,табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім,орамал.
Іс-әрекет кезеңі:
Тәрбиешінің іс-әрекеті:Балалар, қане барлығымыз шаттық шеңберін жасап тұра қалайық.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенмен,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз.
Сәлем дейік үлкенмен.
Сәлеметсіздерме,апайлар!
— Ал, енді орнымызға жайғасып отырайық.
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем мезгілі.
— Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
— Күн жылынады, қар ериді, күн бұлттанып жаңбыр жауады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, жерге жасыл шөптер шығады,мал төлдейді.
— Көктем мезгілінде қандай құс ұшып келеді (ұзақ,қарлығаш).
-Балалар, қараңдаршы күннің шуағы ашылмай бұлттанып, күн бұлттың арасына тығылып қалыпты.
— Күннің шуағы ашылу үшін бізге арналған бұлттардың тапсырмалары бар екен. Егер сендер сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, бұлттар сейіліп күннің шуағы ашылады екен.
1-тапсырма: Үй жануарларын атап беріңдер: (жылқы, сиыр, қой, ешкі,түйе,есек). Балалар бұл жануарларды бір ауызбен қалай айтуға болады: (үй жануарлары).
Жабайы аңдарды атап беріңдерші: (аю,түлкі,қасқыр,қоян).
Үй құстарын атап беріңдер:(тауық, қаз,үйрек, әтеш,күрке).
Балалар бұл құстарды бір ауызбен қалай айтамыз:(үй құстары).
2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Не артық?» (суреттер арқылы).
Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Қой,жылқы,сиыр,(түлкі) — суреттері беріледі.
Балалар суретке мұқият қараңдар, не артық?
— Балалар: түлкі
Неліктен (түлкі) артық деп ойлайсыңдар?
Балалар: қой, ешкі, сиыр үй жануарлары, ал түлкі жабайы аң.
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар. Олай болса балалар мен сендердің білімдеріңді тағы да тексеріп көрейін.
2)Үйрек,қаз,тауық, (қасқыр) — суреттері беріледі.
Балалар бұл суреттерде не артық?
Қасқыр — артық
Неге олай ойлайсыңдар?
Үйрек, қаз, тауық үй құстары.Ал қасқыр жабайы аң.
Балалар, жарайсыңдар бұлттың тапсырмасын дұрыс орындадыңдар. Бідің күніміз ашылып келе жатыр.
3-тапсырма: Дыбыстық жаттығулар
Балалар қасқыр қалай дыбыстайды? р-р-р
Ал тауық ше? қыт-қыт-қыт.
Ит ше? Ыр-ыр-ыр.
Тышқан ше? Шиқ-шиқ-шиқ.
Балалар олай болса орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
4-тапсырма: Ойын« Ғажайып текше»деп аталады.
Мақсаты: Мен текшені қазір лақтырамын. Текшені лақтырғанда қандай кейіпкерлерге түссе, сол кейіпкерлерді атап, қай ертегі екенін айтып береді.
Текшеде: қасқыр мен жеті лақ, үйшік, бауырсақ, шалқан ертегілерінің суреттері болады. Ертегілерге қысқаша тоқталып өтеді. Бауырсақ неден жасалады? Шалқан ертегісінде шалқанды жұлуға Атасы кімді көмекке шақырды? Үйшік ертегісінде үйшікті бірінші кім жолықтырды? Қасқыр мен жеті лақ ертегісінде қасқыр ешкінің балаларын не істеді?
Жарайсыңдар, балалар, біз бұл тапсырманы да орындадық. Келесі бұлт ашылады.
Сергіту сәті:
Күн ұйықтайды,
Күн оянады.
Жел соқты,-у-у-у-у
Жаңбыр жауды тық-тық-тық.
Бұлт түнерді,
Найзағай шатырлады, шырт-шырт-шырт.
Күн ашылды, жел басылды.
5-тапсырма: «Күннің шуақтарын жапсыру»
Ал енді балалар бойымызды сергітіп алдық, енді мен сендерді аппликация бөліміне шақырамын. Орнымызға отырамыз. Әрі қарай күніміздің көзін бұлттан ашу үшін күн шуағын жапсырамыз.
— Балалар, аппликация жасау үшін бізге не қажет?
— Қайшы, қағаз, желім, қылқалам,орамал.
Үлестірмелі материалға назарларын аудару.
Жұмыстың орындау реті мен түсіндіру.
1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттелсін.
2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.
3.Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.
4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.
5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып, құлап кетпейтіндей берік қою керек.
-Алдымен төрт бұрышты қағазды аламыз, қағаздың төрт бұрышын қиямыз дөңгелек қылып аламыз.
Балалар қиған қағазымыз қандай пішінге ұқсады?
Балалар шеңбер деп жауып береді.
Түсі қандай?
Балалар: сары
Күнді қиып болдық. Біздің күнімізге не жетпей тұр?
-Балалар: күннің шуақтары
Олай болса күннің шуақтарын жасайық.
Күннің шуақтарын жасау үшін тіктөртбұрышты қағазды алып, ортасынын екіге бөліп, күннің шуақтарын қиямыз.
Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.Қылқаламды үш саусағымызбен ұстаймыз. Қылқаламды желімге батырып дөңгелек қағазымыздың бір бетіне жағамыз. Жағып болған соң қылқаламды орнына қоямыз, дөңгелек қағазымызды ақ қағаздың ортасыны жапсырып, үстінен орамалмен сүртеміз.Тік төрт бұрышты қағазымыздың бір бетіне желімді жағып, қылқаламды орнына қойып тік төрт бұрышты қағазымызды дөңгелек қағазымыздың айналасына жапсырып, орамал мен үстінен сүртеміз. Қағазымызды жапсырып болған соң қолымызды орамал мен сүртеміз.Тапсырманы орындайды.
Балалар қағаздан күнді және күннің шуақтарын қиып жапсырады. Жарайсыңдар сендер бұлттың барлық тапсырмаларын орындадыңдар.
Рефлексиялық түзетушілік: Балалар бүгінгі ашық оқу-қызметі сендерге ұнады ма?
Балалар сендер қандай тапсырмалар орындадыңдар?
Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.
Жарайсыңдар.Қонақтармен қоштасайық.Сау болыңыздар!