Home » Мақалалар » Қарапайым электр тізбектерін оқып — үйрену оқушылардың болашағы үшін маңызды

Қарапайым электр тізбектерін оқып — үйрену оқушылардың болашағы үшін маңызды


А.Н. Джакенова
Астана қаласы
Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінің
Физика пәні мұғалімі
Қарапайым электр тізбектерін оқып — үйрену оқушылардың болашағы үшін маңызды

Әрбір педагогикалық технология жеке түлғаның      өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін — өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Академик П.Л. Капица айтқандай; «Оқушы физикалық тәжірибені өзі жасағанда жақсы түсінеді. Тіпті жақсы түсініп ізденгені, оның құралды өзі қүрастырып жасағаны мұндайда  әрдайым  жемісті болады».

Жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдерді, виртуальды электрондық бағдарламаларды енгізе отырып, физиканың күре тамыры саналатын демонстрациялық және лабораториялық тәжірибелерді жаңарту, жетілдіру жолдарын қарастыру мәселесі күн тәртібінен алынған жоқ.

Физика — эксперименттік ғылым. Сондықтан оқушылардың оқуға деген қабілетін арттыруда, дербестікке баулуда, тақырыпқа байланысты материал іздеп тауып, білімін толтыруда өткізілетін зертханалық жұмыстың маңызы үлкен. Зертханалық жұмыстар білім сапасының жоғарылауына көп әсер етеді және оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастырады.

Тәжірибе — физикалық зерттеудің негізгі түрі. Мақсатына қарай тәжірибелер: жаңа құбылыстарды, физикалық шамалардың байланыстарын тағайындауға, немесе тағайындалған физикалық заңның қолдану аймағын кеңейтуге арналған болады.

Сонымен қатар оқушылардың зерттеу әдісін пайдалана отырып зертханалық-практикалық жұмыстар орындау барысында,эксперименталдық зерттеу машықтары  жүйесінің бағытты түрде қалыптасу мәселелері әдістемелік әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде жарық  көрмегендігін атап кетсе болады. Бұл тұрғыдан А.В.Усованың оқушылардың оқу мен жазуды үйретуден бастап, өз бетінше жұмысын жоспарлауға дейін оқу еңбегінің машықтары мен дағдыларымен қаруландырмай оқу танымдық процестің табысты болмайтындығы жөніндегі пікірі өте әділ болып табылады. Білім мен біліктің жиынтығы ғана маңызды емес; ең маңыздысы оқушылардың өздігінен білім алуға, шынайы өмірді қайта құруға, оны күнделікті өмірде белсенді пайдалана білуге үйрету екені белгілі. Физика пәні бойынша 8,10 сыныптарда электр тогымен танысып білім негіздерін алады. Осы кезде оқушылар әр түрлі   электр құралдарымен танысып жұмыс жасап, тізбек құруға,  қарапайым электр тізбектерін оқып үйренеді. Есептер шығарып зерттеулер жүргізе бастайды. Электр тогы   күнделікті өмірде  өте маңызды тақырыптың бірі , қарапайым тізбектермен жұмыс істей білу әр оқушы, әр адам үшін  қажет.

Физикада зертханалық жұмыс жасаудың негізгі мақсаты мынаған саяды:

  • оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту,
  • физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу:
  • табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту;
  • адамның дүниеге қатынасына , жеке тұлғаның құндылық жүйесіне , физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға алғышарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.

 Электрлік құралдармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелері

Кез келген физика зертханасында жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін есте сақтау қажет, оның негізі – өзіңізге және басқаларға зиян келтірмеу, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықты зақымданудан қорғау.

Электр тоғы бойынша зертханалық жұмыстардың көпшілігінде 220 В желілік кернеу қолданылады. Электр тогының соғу қаупін жою үшін бірқатар қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

  1. Жұмыстарды орындауға қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өткен және тиісті журналға оқушылар қол қояды.
  2. Тізбекті құрастыру алдында құрылғыларды жұмыс кезінде ток өткізгіш терминалдармен кездейсоқ жанасуды болдырмайтындай етіп орналастыру 3. Тізбекті оқытушы немесе лаборант тексергеннен кейін және олардың қатысуымен ғана ток көзіне қосуға болады.
  3. Тізбектегі кез келген өзгерістерді тек ток көзінен ажыратқаннан кейін ғана жасауға болады.
  4. Үлкен конденсаторлардағы заряд ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан, ажырату алдында конденсатордағы кернеуді нөлге дейін біркелкі төмендету керек (мүмкіндігінше) немесе желіден ажыратқаннан кейін конденсаторды өткізгішпен қысқа тұйықтау керек.

Зертханалық жұмыс жасар алдында  лабораториялық жұмыстың түсіндірмесін толық оқып, жұмыстың негізгі идеясын, оның мәнісін, негізгі бөлігін бөліп алатындай болу керек. Қайта оқығанда теориялық мағлұматтарға көңіл бөліп, оны жазып алу керек. Теориялық мағлұматтар лабораториялық жұмыстардың көмекші оқу құралдарына қысқаша жазылады. Сондықтан тереңірек түсіну үшін түсіндірмеде көрсетілген әдебиеттерді оқу керек. Физиканы оқытуда оқушылар мен оқыту обьектісі болып табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыруда физикалық эксперименттің, лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикумның атқарар ролі үлкен. Жасалынған әрбір тәжірибе балалардың ойлау қаблетін арттырып, физика пәніне деген қызығушылығын тереңдетеді. Физиканы оқытуда оқушылар мен оқыту обьектісі болып табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыруда физикалық эксперименттің, лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикумның атқарар ролі үлкен. Жасалынған әрбір тәжірибе балалардың ойлау қаблетін арттырып, физика пәніне деген қызығушылығын тереңдетеді.  Себебі, бүгінгі оқушы ертеңгі ұстаздың жолын жалғаушы тұлға, жарқын болашақты қалыптастырушы қоғамның бір мүшесі. Сондықтан, келешек қоғамның әр мүшесін  жан-жақты жетілген, саналы, ақыл-парасаты, мәдениетті, ақыл-ой өресі биік, ғылым-білімі озық тұлға етіп қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы.

Қорыта  келгенде, зертханалық жұмыстар оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, физикалық  құбылыстарды және олардың  арасындағы байланыстарды түсінулері ғылыми тұрғыдан қалыптасып, оқу материалы олардың ой — өзегінен өткендігі, зертханалық жұмыстардың оқушы  білімін жетілдірудегі рөлінің ерекше екеніндігіне анық көз жеткіздім.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.