Home » Мақалалар » Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі.

Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі.

Шымкент қаласы,
№61 «Нұртас» бөбекжай бақшасы
тәрбиеші:
Рано Даулетовна


Бала тәрбиесі басты байлығың,
 кешіксең көретінің қайғы-мұң.
Абай

     Бала өмірдің мәні, өмірдің сәні, өмірдің гүлі. Бала өмірге келгегде , оның жаны сүттен ақ, судан таза болады. Баланың тұлға болып қалыптасуының басты факторларының бірі- тәрбие. «Балалар- ұлттың тағдыры, біздің болашағымыз» , сондықтан балаларды ерекше күтіп , тәрбиелеу керек.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген екен ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да балабақшамен тығыз байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы, яғни, қамқорлықтың тұрақты көзі. Тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйренетін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта. Балабақша мен отбасы , ата- анамен бала арасындағы достық , бауырмалдық қарым-қатынастың қалыптасуына игі ықпалын туғызады.
 «Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі». Баланы тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке , жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттілігін арттырады. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» — деген тамаша сөз бар. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Абай атамыз «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші- ата-анасынан, екінші – ұстазынан , үшінші – құрбысынан» деген. Бала естігенін айтады, көргенін істейді – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата- анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс- тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді, ойын, салт- дәстүр, мақал- мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, өлеңдер арқылы сіңіру – тәрбиешінің басты міндеті.
Ол сәбидің қиялына қанат бітіреді. Ертегілерді тыңдай отырып кішкентай бүлдіршіндер мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық сезімдерімен танысады.
Балабақша мен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндеріміздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі. Осыдан келіп , бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар, ұжымдық қарым- қатынас , адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу , жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек., ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Белгілі отбасылық дәрігер Виржиния Сатирдің пайымдауынша, баланың өмір сүруі үшін оны күніне 4 рет құшақтау керек, денсаулығы мықты болуы үшін күніне 8 рет құшағымызға қысуымыз керек, ал олардың өсуі үшін 12 рет құшақ қажет екен.
Балабақша жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие бере отырып , еңбексүйгіштікке , өмірге дайындайды.Осы тұрғыда біздің балабақша меңгерушіміз Елшібаева Айжан Ибадуллақызы бастаған ұжымымыз бала тәрбиесінде қарқынды жұмыс жасауда. Меңгерушіміз Айжан Ибадуллақызы әрбір сөзімен, әрбір қимыл әрекетімен, өзіндік ұстамымен тәрбиешілерге өнеге. Түсінігі мол, мейірімді , қамқор жан! Әрбір ата- аналарға, тәрбиешілерге, балаларға түсіністікпен қарайды. Осындай жетекшісі бар балабақша ұжымы еңбексүйгіш, мейірімді , қамқор жандар! Осындай керемет балабақшада ,ұжымда жұмыс жасау мен үшін мәртебе!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.