Home » Мақалалар » ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДЕ ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДЕ ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР

Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы
Алматы қаласы
Әуезов ауданы
№72 жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі,
педагогика ғылымдарының магистрі

 

Қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциялық пандемеясының таралауына орай еліміздің барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқу үрдісіне көшті. Осы орайда физика сабақтарында зертханалық жұмыстарды қашықтықтан қалай жүргіземіз?

Физика сабағында қолдануға болатын компьютерлік бағдарламалар саны өте көп. Оларды төмендегіше топтастыруға болады:

Оқытушы бағдарламалар.  Бұл бағдарламалар оқушыларды пән мазмұнымен таныстыруға, негізгі ебдейліктер мен дағдыларды жетілдіруге және өзін-өзі тексеру мен білімді бақылауға арналған. Компьютерлік оқытушы бағдарламалар оқытудың: ақпараттық – анықтамалық және бақылаушы – оқытушы — екі түрін таңдауға мүмкіндік береді.

Бірінші (ақпараттық-анықтамалық) режим баспа жағдаяттары  және дыбыс – бейне жазбаларымен бірге оқу жағдаяттарын қолдану, оларды оңай, көрнекі түрде құрылымдау, қажет ақпаратты жедел табу мүмкіндіктерін арттырады. Бақылаушы-оқытушы режим өзін-өзі тексеру, білімді алдын ала аралық, қорытынды бақылау үшін және қашықтан оқыту сынақтарын өткіу кезінде  қолданылады.

Компьютерлік нобайлар.

1-сурет. Электромагниттік тербеліс нобайы.

Нобайлар оқушылардың танымдық әрекетін жетілдіретін тиімді құрал, олар оқушылардың пән мазмұнын терең меңгеруі мен құбылыстардың жаңа жақтарын көруіне мүмкіндік береді (1-сурет). Бұл нобай тербелмелі контурда пайда болатын,  көзге көрінбейтін электромагниттік тербелістерді бақылауға мүмкіндік береді. Тәжірибе жасалуы мен жаңғыртуына оқушылардың өздері қатысатын нобайлардың ерекше қызығушылық туғызатынын көрсетті.

Зертханалық жұмыстар.

Мұндай бағдарламалар тәжірибелерді, көрнекілігі өте жоғары болатындай етіп, компьютер экранында жаңғыртады. 2-суреттегі зертханалық жұмыс еркін, мәжбүрлі және өшетін тербелістерді жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

Тапсырмалар бумасы.

Бұл бағдарлама мақсаты оқушыларға есеп шығарудың жалпы түрін үйрету. Бумалар күрделілігі әр түрлі есептерден, анықтамалардан, есеп шығаруға арналған нұсқаулардан және оқушының  негізгі қателеріне жауаптардан тұрады.

Бақылаушы бағдарламалар

Бұл бағдарламалар мұғалімнің оқушы білімі мен ебдейліктерін  ағымдық және қорытынды бақылауына  мүмкіндік береді. Кейбір бағдарламалар оқушы жұмысының барысын талдауға және бағалауға мүмкіндік береді, сонымен бірге бұл нәтижені баспаға да жібере  алады.

Жанды физика (Interactive Physica)

Бұл гравитациялық, электростатикалық, магниттік немесе кез келген басқа өрістердегі және денелердің түрлі әрекеттесуінің нәтижесінен туындайтын қозғалыстарды зерттейтін компьютерлік жобалаудың ортасы. Бағдарлама қозғалыс теңдеуін сандық интегралдауға негізделген.

Жаттықтырғыш. (Репетитор (Физика))

Физикалық құбылыстардың компьютерлік демонстрациясы, физика заңдарының компьютерлік нобайлары, нақты физикалық тәжірибені көрсететін бейнематериалдар, өзін-өзі тексеруге арналған тестер мен есептер жинағы, анықтама кестелер мен формулалардан тұратын мультимедиалық электрондық оқулық.

Ашық физика (Открытая Физика І, ІІ).

Мұнда мектеп физика курсының барлық бөлімін қамтитын компьютерлік тәжірибелер  келтірілген. Әр бір тәжірибені сипаттайтын компьютерлік анимация,  графиктер, сандық нәтижелер,  бақыланушы құбылыстың түсндірмесі, лабораториялық тәжірибенің бейне жазбасы, сұрақтар мен есептер келтірілген.

Физикалық үрдістерді нобайлау.

Бұл тапсырмалардың ерекшелігі осы әрекетке үш жақтың қатысуын талап етеді олар: физика мұғалімі, информатика мұғалімі және оқушы.  Бақылаушы-оқытушы бағдарламаларға үш жақтың қатысуының мынадай артықшылықтары бар:

  1. Мұғалім мен оқушы тең серіктес;
  2. Мұғалім мен оқушы қажет білімдері мен бөліседі;
  3. Бұл әрекетте оқушы әр-түрлі пәндерден алған білімдерін қолданады;
  4. Оқушы әрекеті ғылыми-тәжірибелік сипатта болады;
  5. Оқушылардың қарым-қатынастық дағдылары қалыптасады;
  6. Жобамен жұмыс оқу пәндерінің терең меңгерілуіне түрткі болады.

2-сурет. Еркін және мәжбүрлі тербелістер.

Оқушылардың өздері жасаған компьютерлік бағдарламалардың ерекшелікгі мынада, оқу мазмұнын дидактикалық мәселе ерекшелігіне немесе сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне сай өзгертуге болады. Бұл бағдарламалар физика сабағын өткізудің барлық кезңдерінде  қолданыла алады.

Қарастырылған ақпараттық технологиялар мен программалық құралдар физика сабағын өткізу кезінде де, сыныптан тыс жұмыстар өткізгенде де қолданылады. Ақпараттық технологияны физиканы оқытуда қолдану: біріншіден, компьютердің есептеу, нобайлау және т.б. мүмкіндіктерінің есебінен білім мазмұнына  қосуға болатын оқу тапсырмаларының ауқымын едәуір кеңейтуге; екіншіден, құбылыстар мен үрдістердің, мектеп жағдайындағы оқу зертханаларында орындалуы  мүмкін емес, тәжірибелерінің компьютерлік нобайларын қолдану арқасында, оқу тәжірибесінің құрамы мен мүмкіндігін арттыруға; үшіншіден, ақпараттық-анықтамалық жүйелерді қолдану арқылы оқу үрдісінің білім алу көздерін кеңейтуге ықпал етеді.

Ақпараттық технологияларды физика сабағында қолдану бағыттарын төмендегідей топтасыруға болады:

  • сабақтың не сабақ бөліктерінің мультимедиалық жоспарын (сценарийін) жасау;
  • демонстрациялық тәжірибелер жүргізгенде компьютерлік бергіштерді (датчик) қолдну;
  • компьютерлік физикалық зертханалық тәжірибе;
  • компьютерлік жаттқтырғышты білімді бақылауды ұйымдастыруда қолдану.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Керімбаев Н.Н «Компьютерді пайдаланып физикалық зертханалық – практикалық жұмыстар жүргізу». Алматы 2002 ж
  2. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
  3. Роберт И.В. Современные ИТ в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования.–М.: Школа-Пресс, 1994
  4. Информационные технологии в преподавании физики: Метод.пособие. / Авт.-сос. А.Ф.Кавтрев.– СПб.: ЛОИРО, 2003.
  5. Компьютерного курса «Открытая Физика 1.0. часть I»., СП., — М., 2000

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.