Жаңаөзен қаласы
№21 орта мектеп Информатика пәні
мұғалімі Турсынбаева Айнура Садық қызы
Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр.
Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Жалпы қашықтықтан оқыту жүйесі WhatsApp, Telegram, Zoom, https://tursunbaeva87.wixsite.com/website платформасы негізінде іске асырылуда және оқу үдерісіндегі міндеттерді ортақ шешуге және өзара білім алмасуға мүмкіндік беруде. Қарым-қатынас жасауға шексіз мүмкіндіктер тудыру жүйесінің ең ұтымды тұстарының бірі. WhatsApp, Telegram, Zoom, https://tursunbaeva87.wixsite.com/website платформа жүйесі мұғалім мен оқушылардың кез-келген форматтағы ақпараттық файлдармен алмасуын жүзеге асырады.
Дегенмен, карантин аяқталып, өз жұмыс орнымызға оралған жағдайда дәстүрлі оқыту түрімен қатар қашықтықтан оқыту түрін де бірге ала жүреміз деген ойдамыз. Себебі жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Қазір қашықтықтан оқытуға арналған бағдарламалар өте көп. Дегенмен, бұл ұсынылған қосымшалар ең тиімді және қолжетімді деп санаймын. Ендеше, іске сәт, әріптестер!