Маңғыстау обл.
Мұнайлы ауданы
Бесшоқы тұрғын үй массиві
№8 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі
Шалмуханова Айгерим Тиркешовна.
Педагог тұлғасының балаларға ықпалы аса зор,оны еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес.Балаға жарық пен білімнің ең болмағанда бір бөлігін жеткізу үшін ол өзіне жарық пен білім теңізін жинақтау қажет.Осы жерден қәзіргі педагогиканың басты проблемасы туындайды-педагогтың рухани,мәдени деңгейін көтеру.Қазіргі таңда мемлекеттің алға қойған мақсаттарының бірі педагог мәртебесін көтеру.Қазіргі таңда білім саласының басты мақстаты-ой-өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын,ойлау қабілеті жоғары,жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.Қазіргі кездегі болып жатырған төтенше жағдайға байланысты білім саласындағы «Қашықтықтан оқыту» мәселесіде еш кедергісіз өз шешімін тауып жүріп жатыр.Осы жағдайға байланысты өз тәжірибемде оқушыларды әлеуметтік желі арқылы «Қашықтықтан оқыту» процессі жақсы деңгейде жүріп жатыр.Баланың өмірінің ең алғашқы сәтінен бастап,музыка өнеріне баулу-біздің уақыттың басты маңыздылығы. «Музыка арқылы тәрбиелеу-бұл музыкантты тәрбиелеу емес,ең алдымен адамды тәрбиелеу»-деп кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтқандай қазіргі таңда өз еңбек жолымда музыка пәнінен дәріс беріп келемін.Әлемде музыкасыз ұлт жоқ.Музыка адамзатқа ортақ.Ең әсерлі,сиқырлы сұлу сөз де адам сезіміне музыкадай әсер алмайды.Шынында музыканың берер әсерін тілмен,сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ұлы Абай музыканың әсерін «Құлақтан кіріп бойды алар,әнді сүйсең менше сүй»-деп суреттеген екен.
Музыкалық тәрбие беру де мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.
-музыкалық әр түрлі іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;
-музыканы сезу арқылы саналы түсінуге баулы;
-музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту;
Музыкалық қабылдау жүйесінің педагогикасының элементтері қабылдау,шығармашылық атқару,музыканы талдау.
Музыка баланың жеке басының адамгершілік сезімдерін дамыту үшін қажет,сондықтан мектептерде музыка пәні белгілі бір жүйелі бағытпен жұмыс істейді.Оқушылармен өткізілетін музыка сабақтары шығармашылық күш оятып,әдемілікке деген құштарлығын арттырады.Әсіресе ғасырдан,ғасырға жалғасын тауып келе жатырған аса бағалы ән-күйлер,жыр-термелер,қисса,толғаулар мектеп жасындағы балалардың ұлттық мәдениетін көтерудегі жақсы бағыт-бағдар беретініне сенімім мол.Сонымен қатар мектептегі бір сағаттық музыка сабағынан оқушылардың музыкаға деген бейімділігін аса дамыта алмайтыны сөзсіз.Сондықтан сыныптан тыс шараларда музыкалық-көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек дамытуына ықпал тигізеді.Сондай-ақ мектептегі үйірмелерде қазіргі төтенше жағдайларға байланысты «Қашықтықтан оқыту» процессі бойынша жүргізілуде.Үйірмелер арқылы оқушылар музыка сабағында алған білімдерін кеңейтіп,орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады.Осы орайда мен өз сөзімді академик А.Жұбановтың «Гимнастика денені қалай түзесе,музыка да адам жанын солай түзейді»деген нақыл сөзімен аяқтап,оқушылардың эстетикалық,рухани байлығын кеңейтіп,қанаттандыру керек екендігін айтқым келді.