Home » Мақалалар » Қашықтықтан білім беру жүйесі қалай жүзеге асуда?

Қашықтықтан білім беру жүйесі қалай жүзеге асуда?

Ногаева Айнаш Закаряновна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
 №87 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай, барлық білім беру  мекемелері  қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Бұл ұстаздар қауымы  үшін де, жас шәкірттеріміз үшін де, қала берді ата-аналар үшін де, қызу қайнап жататын оқу үдерісінен тысқары әлемге еніп кеткендей болғаны рас! Ұстаздар қауымы төртінші тоқсанда бұрын соңды қолданыста болмаған форматта басталған жаңа белеске өтті. Дайындық кезінде көптеген сұрақтар мен қобалжулар болды. Десе де, оқудың алғашқы күні-ақ бар қорқыныш сейілген. Ұстаз бен ата-ана, шәкірт бірлесе жұмыс жасаған кезде, олқылықтың орнын тез толтырылып, бір-біріне қолдау көрсетіп, алғашқы қиындықтарды да жеңіп, қуанып жаттық. Ең бастысы – еліміздің әрбір азаматының денінің саулығы. Бұл уақытша  қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығатынымызға және осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керектігін, енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс, әрі әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажеттігін жете түсінген ұстаздар қауымы да өз ісіне барынша  жауапкершілікпен қарап, оқушы мен ата-анаға барынша жан – жақты көмек  қолын созды. Әлемде барлығы сандық жүйеге ауысып жатқандықтан, қашықтықтан оқудың берері көп. Сондықтан заман талабына сай өзгеру бүгінгі күннің басты талабы деп қараған әрбір оқушы мен ата-ана бұл істен қалыс қалмады.

Осы орайда жұмыла көтерген жүк жеңіл, демек ниетпен бірлігі мен ынтымағы жарасқан сан қилы ауыр кезеңдерді бастан кешірген еліміз бұл қиындықты да еңсерді деген үмітпен еліміздің әрбір азаматы  ең бастысы бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін түсініп, сабыр сақтап, тәртіпке бағынып,  өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсету.

Карантин  кезінде, қашықтықтан оқыту бұл – гаджетті бәрінен жақын тартып кеткен қоғам үшін  бала тәрбиесіне мән беруге берілген мүмкіндік деп түсініп, жақсы бағытқа тартуға  тырысу керек. Сондықтан, өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен  әр ұстаз, өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы керек деген  қағидамен Алматы қаласы Жетісу ауданы №87 жалпы білім беретін мектеп ұжымы қашықтықтан  оқыту жұмысына жұмыла кірісті.Ұстаз, оқушы, ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасап, алғашқы апталарды артқа тастап, келер күннен үміт күтіп, қарқынды түрде жұмыс жасап жатыр. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты деп ойлаймын. Сонымен қатар, ең маңыздысы – оқушылардың қашықтықтан оңтайлы әрі сапалы білім алуы.  Білім алушылар қашықтықтан оқыту үрдісіне тосырқаған жоқ, қайта күннен — күнге белсенділік танытуда.  Олар үшін бұл сабақтар жаңа формат және қызығушылығын тудырған нысан болғандығына куәміз.   Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасалынып, жұмыстарына қолдау, арнайы бағыт-бағдар беру мүмкіндігі туындады. Жаңа бағыттар мен тың ойлар мен нәтижелі тәжірибелер  белең алды.

Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыс орнатылып, оқушының ғана емес, ата-аналарының да мектеп өміріне аса зор қызығушылылығы артты,  ұстазға, мектеп әкімшілішілігіне деген жақсы көзқарастары мен сенімі нығая түсті. Олар өз ойларын ортаға  салып, ақылдасып, жан-жақты қолдау жасады. Ата-ана тарапынан балаға оқуға деген ынтасын арттырып, оң көз қараспен қабылдап, баласының қашықтықтан білім ғана емес, тәлім – тәрбие алуына да барынша жағдай жасауға тырысты.

Мектебіміздің ұстаздар қауымы өз сабақтарын кесте бойынша үзбей өтіп отырса, оқушылар мен қатар  ата-аналар да сабаққа кері байластыстарын уақытылы жіберіп отырды.  Әрбір сыныптың ата- аналар тобына мектеп басшысы — Ұлар Аманбековнаның  өзі бірге тіркеліп,  әрбір ата – ананың жіберген кері байланысын, ұсыныс, тілек, талабын естіп, туындаған мәселелерді  бірге талқылап, бірге шешіп отырды. Осының өзі мектебіміздің қашықтықтан білім беру сапасына жақсы әсер етті.

Оқушылардың  үйде бос уақыттарын ұтымды пайдалану мақсаттарында сабақтардан тыс, қосымша сабақтар мен үйірмелер, мектепшілік онлайн сайыстар  да өз жұмысын жоғары деңгейде  жүргізіп жатыр. Әрбір өткізілген  іс-шара ақпарат құралдарында, инсторгамм, фейзбук парақшаларында жарық көріп отыр.

Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздар қауымы қалалық, республикалық онлайн олимпиадалар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындар да алып жатқанын мақтанышпен айта аламыз.

Осы ретте мектебіміздің ұстаздар қауымына өз ризашылығы мен жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтып жатқан ата-аналар мен көпшілік қауым да аз емес екендігін баса айтқым келеді.

Елбасына қиын қыстау күн туғанда қайырымдылық жасау- жақсылықтың негізі деп, білетін метебіміздің ата-аналары мен ұстаздары көп балалы, әлеуметтік жағдай төмен отбасыларына көмек қолын да созып жатыр. Қандай қиын заманда да, еліміздің бірлігі мен татулығы үшін тер төгіп жүрген азаматтарымыздың беделі арта берсін!  Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, бір – бірімізді қолдап, жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетіп қана қоймай, татулық пен тұтастықтың арқасында, кез-келген қиындықты жеңіп шыға аламыз, дегім келеді. Еліміз аман, жұрт іргесі тыныш болып, тәуелсіз еліміздің  көк байрағы биікте желбірей берсін!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.