Home » Мақалалар » Жаратылыстану ғылымдардың патшалығы.

Жаратылыстану ғылымдардың патшалығы.

Алматы қаласы,
Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектептің
биология пән мұғалімдері: Буитова Назира Бәзілқызы
Сайбирова Шолпанай Қожахметқызы

 Онкүндіктің тақырыбы: «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты онкүндігі  2020жылы наурыздың 03 мен 13 аралығында болды.

Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен танымдық деңгейлерін көтеріп, қызығушылығын арттыра отырып, еркін өмір сүруге, ізденуге, жігерлікке тәрбиелеу.

Онкүндіктің ашылу салтанаты әрбір қабатта таңғы саптүзеуде ұйымдастырылды 1- қабатта география пәні мұғалімдері Бакенова Р.Ш мен Серкебаева Ұ.С. 2- қабатта биология пәні мұғалімдері Буитова Н.Б. мен Сайбирова Ш.Қ. 3- қабатта химия пәні мұғалімдері Аңламасова З.А мен Оразахынова М.Б. өткізді.Әрбір қабатта ұйымдастырылған іс-шара барысында онкүндік жоспарымен оқушылар таныстырылды

1 — жүргізуші: Қош келдіңіздер оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі география, химия, биология,бірлестігі апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

2 — жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар жаратылыстану пәндерін тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.

1 — жүргізуші: Ал енді келесі сөз кезегін барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және бізді қоршаған табиғаттың қыр-сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшаларына берсек (ортаға пән болып киінген үш оқушы:  биология, химия, география шығады).

2 — жүргізуші: Биология:

Табиғатың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.

Табиғаттың қадірлеп қасиетін,

Әділдікке әрқашан бас иетін ,

«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деп

Халқың айтқан орынды өсиетін.

География:

География әлемі – қызық әрі тартымды,

Өз сырымен география қызықтырар әркімді.

Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,

Танисыңдар табиғаттың ғажабын.

Химия:

Химияны оқу парыз әркімге,

Оқиды оны барлық елде, әр тілде

Химияның оқыңдар әр бөлімін,

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Химияны оқиық біз көңілмен,

Кездесер ол күнделікті өмірден.

Ақылымыз – химияны біліңдер!

Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

1 — жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар — ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!

2-жүргізуші Құттықтау сөз кезегі мұғалімдерге берілді

1-қабатта Бакенова Р.Ш  2-қабатта Буитова Н.Б.     3-қабатта Оразахынова М.Б.

1-жүргізуші: Осымен жаратылыстану пәндері апталығын ашық деп жариялаймыз. Ән: Назар салып тыңдағындарыңызға көп көп рахмет!География, химия, биология,  бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық. Көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты апталығының ашылу салтанаты тағыда қош келдіңіздер!

04.03 күні оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында кабинеттің есіктеріне « Танымдық ойын – білім кілті» тақырыбы бойынша  қызықты сұрақтар, логикалық тапсырмалар, ребустар ілініп дұрыс жауап берген оқушылар

марапатталды.Оқушылар үлкен үзіліс уақыттарын тиімді пайдаланып зор қызығушылықпен

берілген тапсырмаларды жарыса шешіп жауакершілікпен орындай білді.

05.03 күні химия пәнінен Аңламасова З.А. 9-сыныптар арасында «Қызықты химия әлемі» интеллектуалды -зияткерлік сайыс өткізді.Сайыс қызықты, әрі тартымды өткізілді.Оқушылар белсенді қатысып өз білім деңгейлерін көрсете білді

06.03 күні «География әлеміне саяхат» тақырыбында география пәні мұғалімдері Бакенова Р.Ш. мен Серкебаева Ұ.С үзіліс уақытында оқушылар арасында ойындар мен қызықты

тапсырмалар ұйымдастырды.

10.03 күні биология пәні мұғалімі Буитова Н.Б. 7- сыныптар арасында «Ғажайып биология» интеллектуалды -зияткерлік сайыс өткізді.Оқушылар арасындағы сайыс үлкен тартыспен өтті.Сайыс барыснда алғырлығымен, зеректігімен Елемес Айым, Умиржанова Жанайым өздерін көрсете білді.Әділ қазылар топтардың әділ бағасын бере білді.

11.03 күні «Табиғат лирикасы» мәнерлеп оқудан сайыс 5-6 сыныптар арасында өткізілді,Оқушылар Абайдың және тағы басқа ақындардың өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп айта білді.Өте жақсы айтқандары марапатталды.

12.03 күні Сайбирова Ш.Қ. «Болашақ дәрігерлер» интеллектуалды -зияткерлік сайыс 8-сыныптар арасында өткізді.Оқушылар белсенділік танытып қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білді.Сайыс қызықты өтті.

13.03 күні «Жаратылыстану әлемі  қызықты әрі тартымды, өз сырымен бұл әлем қызықтырар әркімді» атты онкүндіктің жабылу салтанатты акт залда өткізілді. Әрбір сынып өздері дайындап келген ән шашуларын тарту етті.Осы онкүндік барысында белсенділік танытқан оқушыларды құттықтау сөзін бірлестік жетекшісі Буитова Н.Б. алып оқушыларды  марапаттады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.