Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Үстірт орта мектебінің педагог-логапеді
Нысанбаева Ақжарқын.
Жақында ауданымыздың Үстірт орта мектебінде «Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға оқу тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.Семинардың мақсаты: білім беруді дамыту саласындағы мектептің маңызды міндеті,әрбір баланың саналы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Семинарға ауданымыздың білім бөлімінің бас маманы Л.Тәжиева және барлық мектептердің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және әдіскер мамандар қатысты. Семинардың ашылу салтанатын мектебіміздің директоры Н.Ауданбаев ашып, қоғамда мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бір мектепте қалыпты балалармен бірге оқыту негізгі жүйе болып табылатынын, сол үшінде мектебімізде жабдықталған кабинет дайындалып арнайы мамандар бекітілгені туралы айтып өтіп,семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Бағдарлама бойынша алғашқы сабақты тарих пәні оқытушысы М.Толегенова және М.Тыныштықова ерекше білім қажет ететін оқушылар арасында «Үйсіндер» тақырыбында сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылымы туралы толығырақ түсінік беру,әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіріп,Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерінің көрші елдермен қарым қатынасын анықтау.
«Мейірімділік асыл қасиет» тақырыбында 2 сынып оқушылары арасында мектебіміздің педогог-психологы А.Сырлыбаева тәрбие сағатын өткізіп, баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсымен жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге,мейірімділікпен қайырымдылық жасауға үндеді.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мектебімізде қосымша сабақтарға қамтылып,үйірмелерге қатысып, өз қолдарынан шыққан қол өнер туындыларын көрмелерге қойып,сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Шара соңында мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Идирисова «Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, ерекше білімді қажет ететін оқушылардың құжаттарын ұйымдастыру жеке және қысқартылған бағдарлама жасау жолдарын түсіндірді.
Аудандық білім бөлімінің маманы Л.Тәжиева шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып белсене қатысқан ұстаздарға білім бөлімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.