1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Бұл мерекенің мақсаты әр ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Мереке Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген. Бұдан бұрын 1 мамырда Еңбек күні аталып өтетін. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Осы мереке қарсаңында №13 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сартова Гаухар Көпбергенқызы 7 «Б» сыныбымен «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта онлайн тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Сынып жетекшісі Гаухар апай оқушыларға слайд көрсетіп, 1 мамыр туралы түсінік берді. Бұл тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысып, әр мемлекеттің туы мен ұлттық тағамдарын, ұлттық киідерінің суретін салып, таныстырды. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
Алматы қаласы
Әуезов ауданы
№13 мектеп-гимназиясының
7 «А» сынып оқушысы
Рысқұлбек Жанель Ғазизқызы