Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№18 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Наренова Оңай Куралбаевна
Қашықтықтан оқыту-бүгінгі күнде еліміздің, тіпті әлемнің қолданып отырған білім беру жүйесіндегі бірден-бір тиімді тәсіл болып отыр.Қашықтықтан оқыту білім алушы мен педагог арасындағы телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып,білім беру жүйесін үздіксіз етіп отырған жаңа тәсіл.
Менің ойымша,бүгінгі күнде заман талабына сай осындай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіншілік барына қуануымыз керек.Елбасымыздың өзі осы тұста « Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында қашықтықтан оқыту жүйесін кеңінен талқылағанын сөзге тиек еткім келеді. «Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір-бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді» деп келтірілген еді.Расында да,осындай жүйе арқылы біздер өз оқу орындарымыздың білім деңгейінің шамасын анықтап,одан әрі нығайтуға мүмкіндіктер аламыз.Мәселен,білім беру деңгейі,мазмұны,білім алушылар саны, барлығы заман талабына сай,ешқандай мәселесіз тұрақты өткізілетін болады.Білім алушылар да уақытын тиімді пайдаланып,өз білімдерін ешқандай шарттарсыз біріңғай ала алады.Осындай сан қырлы,әрі күрделі мәселелерді жүзеге асырушы педагогтарымызда,артық мәселесіз,басты мақсаттары балаларды білім көзімен сусындандыру болды.Осы жүйемен жұмыс жасап бастағанымызға міне,2 айдың жүзі болып қалды.Бұл жүйеге білім алушы да,ата-анада дағдыланып алды.Білім алушылар өз үйлерінде жатып-ақ,тиісті бағдарламаларды меңгеруде және тиімді байланыс құралдарымен жұмыс жасауда.Сабақ уақытынан бос кездерінде түрлі қашықтықтан ұйымдастырылап жатқан сайыстарға,іс –шараларға қатысып жатыр.Ал оқытушылар ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде толығымен дағдыланды.Болашақта осындай бағыттың әсерінен виртуальдық жүйе дами түсетіні сөзсіз.