Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
7 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Музыка пәні мұғалімі
Бекова Жамила Асановна
Әрбір ұстаздың мақсаты — сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай — ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі — «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Ойын — балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін — өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын — әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Ойын технологиясы:
Қызығушылықты дамытып, қалыптастырады;
Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;
Ұлттық ойын салт — дәстүрлерді білуге тәрбиелейді;
Өз бетімен іс — әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 40 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек.
Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын арқылы оқушы не үйренеді?
Қисынды ой-қабілетін дамытады
Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді
Сабаққа қызығушылығы артады.
Ойын сабақта ұтымды пайдаланса оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, сөздік қоры молайғанына көз жетеді
Дұрыс нәтижеге жету үшін:
Әр ойынның тәрбиелік,білімдік, дамытушылық маңызы
Жас ерекшілігі
Қауіпсіздіктехникасы
Эстетикалық талап
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
— ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
— оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
— оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
— оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
— ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:
— тәрбиелік мақсаты;
— қолданылатын көрнекіліктер;
— уақытты үнемдеу;
— ойын қызықты бола ма?;
— оқушылардың белсенділігін бақылау.
Ойын түрлері
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
— Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
— Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
— Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
— Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
— Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
— Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
— Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
— Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Грамматикалық ойындар
Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру; 6) сөздіктер.
Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой–пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына: 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ – жауаптар; 5) сөздіктер (диалог, монолог).
Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, «Қолыма тұңғыш қалам алған кезім» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.
Тірек сызба ойындар – бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, эскездеу болып табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты. Олардың қатарына:
— ойықжазбалар;
— суретті жұмбақтар;
— сөзжұмбақтар, аннаграммалар;
— суретпен бейнелеулер жатады.
Логикалық ойындар – оқушылардың ой–өрісін, тіл, сөз байлығын кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, іздемпаздыққа, тапқыштыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ–тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1) жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ–тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар т. б. жатады.
Дене–еңбек ойындары — бұл ойындардың көбісі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар жатады.
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.
«Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).
«Кедергіден өту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
«Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
«Атын айт» ойыны. Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.
Сабақтан тыс уақытта қимыл-әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. «Туған күні», «Ақ терек, көк терек», «Ақ тоқаш», «Айға ұшу», «Кім болам?» сияқты ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды.
Мысалы:
Бүгін Анардың туған күніне
Ақ тоқаш пісірдік
Үлкендігі мынадай
Кішкентайлығы осындай
Ақ тоқаш-ау, ақ тоқаш
Біреуді сайлап, өзің қаш.
Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.