Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласының
№15 орта мектептің орыс тілі және әдебиет пәнінің
мұғалімі Кульжанова Куралай.
«Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек».
(В. Маяковский)
Еліміздің аумағында карантин режимі жарияланғанына біршама уақыт өтсе де, мектеп оқушыларының қашықтықтан білім алу үрдісі жалғасуда. Осы уақыт ішінде онлайн сабақ беру жүйесі туралы түрліше пікірлерлер қалыптасты. Бірі Ұстаздар қауымына алғыс сөздерін айтып жатса, енді бірі сабақтың мазмұнынан қате іздеп әлек. Десек те, осындай қиын-қыстау уақытта, мамандықтардың төресі -Ұстаздардың орны ата-аналар мен оқушылар үшін де ерекше байқалғаны даусыз.
Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері жоғарғы оқу орындарында дәстүрлі түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі екендігі бәрімізге мәлім болғанымен, мектеп бағдарламасында бұл оқушылар мен ұстаздар және ата-ана тарапына өте қиын болып келгені мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы еліміздің мектептерінде де арта түсті. Себебі еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал қашықтықтан оқыту кезінде Ұстаздарға босаңсуға жол берілмейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту, карантин жағдайында, оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр.
Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына, қай мемлекетте болмасын, үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түскені анық. Десе де, барша әріптестеріме «қашықтықтан оқытудан» қашпай,қайткен күнде де,біз,Ұстаздар қауымы, шәкірттерімізді одан әрі білім нәрімен сусындандыруымыз қажет. Өйткені, біздің Егемен Елдің болашағы- білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу.Осыған байланысты, еліміздегі барлық Ұстаздар қашықтықтан балаларға білім бере отырып, баланың психологиялық көңіл-күйіне де зор мән беру жұмысын жалғастырып отыр.
Еліміздегі Ұстаздар оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылып жатыр. Бұл ретте «Bilimland», «Google Classroom», «Daryn.online», «ZOOM» , «Интернет күнделік», «Telegram», «WhatsApp» сынды жүйелерін өз оқу бағдарламаларына, қызметтеріне пайдаланып келеді. Әр мұғалім өздеріне пайдалы интернет платформаларында түрлі тақырыпта өз тәжірибелерімен бөлісіп, қашықтық педагогикалық оқуларға қатысып, өзара коучинг-тренингтер өткізуде. Осылайша Ұстаздар қауымы, қандай да бір сапалы білім беру ресурстарына тоқталып, бір-бірімен тығыз байланыса отырып ,компьютерлік техниканы ұтымды пайдаланып, үздіксіз тәжірибе алмасуды іске асыруда .Сонымен қатар , оқытылатын пәндерден қашықтық мектепішілік,қалалық,облыстық республикалық олимпиадалар, Қазақстандық интернет олимпиадаларға да белсенді қатысып отыр. Мұндай қашықтық және интернет олимпиадалар оқушылардың үлкен қызығушылығын, белсенділігін танытады. Тапсырмалары қызықты, сан алуан және олимпиаданың ең тиімді жері – оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін айқындай түседі.Осы олимпиадаларға қатысу арқылы оқушылар сабақ барысында алған білімдерін шыңдайды, тексереді, салыстырады.
Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Қашықтықтан оқыту түрінің еркіндігі мен икемділігі, географиялық жағдайға қарамайтын, кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын артықшылығы бар болғанымен, қашықтықтан жұмыс істеу кезінде қатысушылардың кейбір кемшіліктері де байқалады.
Осының бәрін айта келе мектеп қабырғасында болсын, электронды “қорапшалардың” арғы бетінен болсын Ұстаздардың оқушылар үшін сіңіріп жатқан еңбегі зор.
Қазіргі уақыттағы қиын жағдайға қарамастан, білімді алдыңғы орынға қойып, аз ғана уақыт ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа өзгеріс «Қашықтықтан оқыту жүйесін» еліміздің барлық Ұстаздары тынымсыз атқаруда. Барлық жағдайларды ескере келе, ұстаздар қауымының ерен еңбегі алдында басымызды иіп, алғыс айтқымыз келеді. Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызда тек сәттілік тілейміз, қадірменді Ұстаздар!