Home » Мақалалар » ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – СҰЛУ МҮСІННІҢ НЕГІЗІ

ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – СҰЛУ МҮСІННІҢ НЕГІЗІ

Алматы қаласы,
Әуезов ауданы,
№13 мектеп-гимназиясы
Рахматуллаева Калдыгул Нурмаганбетовна
 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

        Дене белсенділігі – дененің немесе оның бөліктерінің \ бұлшық еттерін қысымы арқылы кеңістіктегі қозғалыс. Физикалық белсенділікте үнемі болатын жандардың денсаулығы жақсы, қимылы шалт келеді. Мысалы, тұрақты физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары ауруларының, миокард инфарктісі, диабет, обыр және басқа да аурулардың қаупін айтарлықтай төмендететіні мәлім болды.

Адам өзінің алдына мақсат қойып, оған жету жолында табандылық көрсететін болса, ол өзінің жетістіктеріне жетеді. Физикалық белсенділікке қарапайым ғана дене жаттығулары жатады. Олар жүру, жүгіру, бассейнде жүзу, таңертеңгілік жаттығу, сонымен қатар омыртқа жаттығуларын жатқыза аламыз. Әрбір адам өзінің денінің саулығын ойлап, жеңіл өмір сүруді қаласа спортпен айналысу керек.

Адам денесінде зат алмасу не үшін бұзылады? Адамның  физикалық белсенділігі төмендегеннен болады. Сондықтан әрқашан қимыл-қозғалыста болу керек екендігін айтамыз. Адамдар арықтау үшін мына қарапайым ғана міндеттерді ұстану қажет.

  • Таңертеңгі жаттығу
  • Дұрыс тамақтану
  • Күйзеліске түспеу
  • Мөлшерінен көп қантты қолданбау
  • Тағамның құрамына мән беру
  • Күніне 1,5-2 литр су ішу

Қарап отырсаңыз қарапайым ғана тапсырмаларды орындау арқылы, сұлу мүсініңізді сақтай аласыз.

Дене белсенділігі үшін ғалымдар мынадай мәліметтер келтіріледі:

18-65 жас аралығындағы ересектерге аптаның ішінде кем дегенде 10 минуттан кем емес уақытта, төмендегілер ұсынады:

Әр аптада 2 сағат 30 минутта қалыпты-қарқынды жаттығулар

Әр апта сайын 1 сағат 15 минут күшті аэробты дене белсенділігі

немесе олардың «баламалы тіркесі» (айталық, 1 сағат қалыпты белсенділік және 45 минут қуатты белсенділік, қуатты белсенділік «орташа»дан екі есе артық)

Дегенмен, бұл ең төменгі ұсыныс.  Артықшылықтар алу үшін аптасына 2 сағат 30 минутта күшті дене белсенділігі немесе эквивалент бұл күніне 30 минут, аптасына 5 күн.

Осы секілді ғалымдарымыздың бірнеше тұжырымдары бар. Олардың барлығын оқып түсіну оңай, дегенмен практикада қолдана алу бір бөлек.

Енді сұлу мүсініңізді не бұзады? Оның жауабы адамның денесіндегі артық салмақ бұзады. Артық салмақ неден пайда болады?

Семіздікке ұшырататын түрлі зиянды дүниелерді айтып өтсек. Қазіргі таңда көшеде тез дайындалатын тағамдар легінен көз аша алмайсыз. Адамды иіс пен түрлі дәмдеуіштер қосу арқылы адамды тәуелді ететін тағам түрлері. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Сонымен қатар дүкен сөрелерінде тұрақтамайтын газды сусындарды айтуымызға болады. Ол адамның асқазан ауруларына ұшыратады.

Ал бұл жағдайлардың барлығының алдын-алу үшін физикалық белсенділік болуы тиіс. «Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға» дейін спортпен шұғылдану қажет. Сондықтан да біз спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтансақ ұрпақ денсаулығы және өзіміздің де денсаулығымыз беки түспек. Біз осындай қарапайым ғана ережелерді ұстануымыз керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.