Home » Мақалалар » Физика сабағында сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі

Физика сабағында сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі

Алматы облысы
Ақсу ауданы
Б. Садырбайұлы атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Физика пәнінің мұғалімі: Шаймерденова Жанар Түрсекенқызы

       Ұлы педагог К.Д.Ушинский «…қызығушылық туғызбайтын оқыту бірте-бірте оқушының біліміне деген құштарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш –жігерін тәрбиелемесе мәнін жоғалтады», — деген екен. Осы қағидаға сүйене отырып жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдарын, практикада қолданамын. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылық жұмысқа үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түседі.

Сабаққа қойылатын қазіргі заман талаптары мұғаліммен зор шеберлікті қажет етеді.Мұғалім сабақ үрдісіне материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет. Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім  беруде оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын  жаңартылған   инновациялық технологияны меңгеріп,  жаңашыләдіс –тәсілдерді пайдалануымыз қажет.

Оқушыға саналы түрде білім беру- мұғалімнің қасиетті борышы. Оның өз мәнінде жүзеге асуы әрбір ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, шеберлігіне байланысты. Сабақты өткізу барысында оның мазмұнын, өткізу тәсілдері мен әдістерін дұрыс таңдап, пәнаралық байланысқа көп көңіл бөлу керек. Қазіргі білімін дағдыларын екінші жақын пәндерде орынды қолдана білу, ойлау, салыстыру арқылы өз бетінше жұмыс жасауға жетелей білу қажет.

Физика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне, осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа форматтағы оқудан кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім. Бұған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың рефлексиялары болды: «Бүгін физика сабағы ұнады. Өзімізді еркін ұстадық», «Физика сабағының осылай өткені жақсы екен», «Сабақ өте қызықты өтті. Өзіміз жаңа сабақты аштық».

Мен өзім СТО технологиясын сабақта қолданып жүргендіктен, сол туралы сіздермен ой бөлісуді жөн көрдім.

Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз  —  Ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:

— Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

— Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;

— Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;

— Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.

Сын тұрғысынан ойлаудың құралдары “Сананың әдеттері”, Арт Коста “Дананың кілттері”, Тони Райан “Ақылдың алты қалпағы”, Эдвард де Боно “Блум таксономиясы”,  “Миға шабуыл”, “Кластер”, “Фишбоун”, “Бес жолды өлең“,“Идеялар себеті”, “Инсерт“,“Ашық сұрақтар” “+, — , ?”

Негізі сабақтың үш құрылымын сақтаудан тұрады:

— ой қозғау;

— мағынаны ажырату;

— ой толғаныс.

Ой қозғау (қызығушылықты ояту) – үйрену процесі, бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейе түседі. Оқушы  жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Мағынаны ажырату — оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмаларды орындайды.

Ой-толғаныс — оқушылардың толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап баға беруге үйренеді, сонымен қатар  ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайды.

Нәтижесінде:

— оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;

— жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай   жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;

— бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;

— жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;

— ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.

СТО технологиясын әр сабақта қолданатын болсақ оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.