Білім беру орындарында қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру – емді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені бәрімізге мәлім.
ҚР Білім және ғылым министрі А. Қ.Аймағамбетов
Ғылым министрі Қ.Аймағамбетов айтқандай, әлемді, оның ішінде біздің елімізде де коронавирус індетінің қауіпі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде оқушыларға қашықтықтан сабақ беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы ретте қашықтық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлама р білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды.
Жаңаөзен қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ысқақ Қашқынбайұлы тікелей басшылығымен,әрі ұйымдастыруымен бұл бағытта ұтқыр шаралар іске асырылуда. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған технологиялық шешімдердің сан алуандығына қарамастан, мұғалімдер мен білім алушылардың қашықтықтан оқыту форматын еш қиындықсыз игеруі үшін және оқыту нәтижелерін сапалық деңгейге көтеріп, дұрыс бағалау мақсатында мектеп директорларымен нақты жұмыс жүргізілуде. Теңге ауылына қарасты №14 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Кайнарбаева Гүлзада Кайнарбайқызының айтуы бойынша «Педагог ұжымына ойластырылған бағдар беріліп, сандық технологияларды тиімді енгізуге директор орынбасарлары,мектеп әкімшілігі, жаңашыл ұстаздар және информатика мұғалімдері тарапынан әдістемелік
көмек беріліп жатыр. Өйткені, цифрлық бағдарламаларға көшу үрдістері ең алдымен адами факторға бағытталуы қажет: білім алушылардың қырларын ашатын ұстаздарға деген қамқорлықтың маңызы зор, қайтарымы көп».
Төртінші тоқсанның басталмастан бұрын мұғалімдердің де, білім алушылар да жауапкершілігін арттырып, білім беру талаптарын күшейтетіні сөзсіз. Білім алушылар қашықтық сабақ барысында бекітілген кесте бойынша оқуды жалғастырып жатыр, айырмашылығы – сабақтар қашықтық немесе онлайн режимде жүргізіледі. Онлайн сабақтар төртінші тоқсан басталысымен «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн өткізіледі. Онда бейнесабақтар кестеге сай көрсетіледі. Мұғалімдер үшін цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша біраз видеодәрістер әзірленген.
Біздің білім ордамызда мұғалім мен білім алушыладың арасындағы байланыс ретінде негізінен Күнделік.кз., ok.edus.kz,. Bilimland платформалары және кері байланыс ретінде Whats App қолданылады. Сынып жетекшісімен білім алушылар қашықтықтан Whats App, Zoom платформалары арқылы онлайн режимде жүздеседі. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым почта, телефон арқылы пән мұғалімлерімен байланыс жасауына мүмкіндік берілді.Білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, осы платформалардан мұғалімдер кідіріссіз Whats App арқылы оқыту режимінде сабақ беріп жатыр. 10-15 минуттық сабақ барысында олар жаңа тақырыпты тыңдап, талқылайды, тапсырмаларды орындайды,пікір алмасып, жауап береді, жазбаша жұмыстарын жібереді. Қашықтан оқу үстінде кері байланыс әр оқушымен білім көрсеткішіне байланысты кері байланыс жүргізу өте маңызды. Себебі, ұтымды жүргізілген кері байланыс оқушының өз еңбегін бағалауына, күшіне сенуіне мүмкіндік береді.Жалпы, кері байланыс сабақ барысындағы түрлі жұмыстар арқылы оқушының дамуы, ізденісі, өз күшіне деген сенімі, ортаға деген көзқарасы жақсы болады және дер кезінде түзетулер жасау, қателерді кемшіліктерді жояды.
Мұндай формат сабақ сапасын да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі білім алушының да, мұғалімнің де жауапкершілігін арттырады. Бұл бағытта мұғалімнің рөлі мен қызметіне, кәсіби шеберлігіне талаптар күшейді. Олар оқытудың жаңа әдістемесін дайындап қана қоймай, «қашықтықтағы» сыныпты біліктілігімен, іскерлігімен, шешендік өнерімен баурай білуі тиіс. Бүгінгі күні сынып жетекшілер бекітілген сыныпты қашықтықтан және онлайн-режимде басқарып,оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста. Әр пән мұғалімдері өз ұйымдастыру шеберлігін көрсетіп, сабаққа қызықты, мазмұнды тапсырмалар дайындап,білім алушылардың білімін бағалап, қалыптастырушы бағалау бойынша, кері байланысты уақытында беріп отыруға тырысып жатыр. Бұның бәрі мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейтін міндеттемелер.Мұғалімдер оқу тапсырмалары мен оларға сілтемелерді алдын ала дайындап қояды. Ал, білім алушылар үшін қолжетімді. Whats App, Zoom және т. б. бағдарламалары арқылы тақырып зерделенеді, сол арқылы сыныппен «жанды» қарым-қатынас, байланыс орнатылады. Бұдан басқа нұсқаларда білім алушы пәндері бойынша мәтіндерді оқулықтан оқып,
орындайтын практикалық тапсырмаларды жұмыс дәптеріне жазып, фотосын
мұғалімге жібереді немесе барысында тікелей жауап береді. Мектеп әкімшілігі мен педагог ұжымының жиналыстары да Whats App, Zoom форматта жүргізіліп тұрады.
Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан және онлайн-оқыту жүйелері мұғалім
мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты білім
беру үрдісін қамтамасыз етеді.
Ең бастысы халқымыздың амандығы. Бізде қолдаймыз,үйде болайық,білім беруді,білім алуды жалғастырайық!!!
№14 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жайлиева Ж