Орындаған: 180 ЖББ мектептің
10 ә сынып оқушысы Зияда Асем
Бір мыңда тоғыз жүз жиырма төртінші жылы мамырдың 2-ші айлы түнінде, менің Жұмасейітов Мұстақ атты ұлы атам дүниеге келген. Атам жайлы нағашы әжем көп әңгімелейтін, жасаған ерліктерін айтып әкесін мақтан тұтатын. Үлкен нағашы атамның танкист болғанын білгенімде қатты таңқалдым. Апамның әңгімелерінен Атамның небәрі 17 жасында соғысқа аттанғанын естідім. Қарап тұрсам мендей-ақ кезінде батырлық көрсете біліпті. Ал балалық шағына келер болсақ, ата-анасынан ерте айырылып інісе екеуі балалар үйінде тәрбиеленген екен. Сосын әскерге дайындық барысында танкист оқуын бітіріп, інісі екеуі соғысқа аттаныпты. Мұстақ атам көптеген шайқастарда мысалға, Мәскеу түбіндегі, Сталинград шайқасында, Украинаның Киев қаласында, Польша мен Германия қалаларындағы шайқастарда, танк дивизиясының құрамында, өзінің ерең ерлігін көрсетті. Және де Германияның Берлин қаласын қалпына келтіруге атсалысты. Үлкен атам көрсеткен ерліктері үшін « Қызыл жұлдыз» орденімен, бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, тағы да Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 55, 60 жылдық медальдарымен марапатталған. Атам елге оралған соң, Алматыда полуторка автомашинасын жүргізушілердің бірі болды. Әжеміз Ахунова Данақпен 10 балаға өнегелі тәрбие беріп өсірді. Нағашы апамның сөздерінде: -Әкем таза орысша сөйлейтін, қазақша акценті болушы еді, оның себебі орыс мектебінде оқып шыққаны болар, бірақ қазақ тіліндегі кітаптарды жаны сүйетін. Әкеміз бізді шыншылдық пен тазалыққа үйретті,- деп есіне алады ұрпағы. Кейде қаруластарын, елін, жерін сағына отырып, «Елім-ай», «Три танкиста» және «Катюша» өлеңдерін әндетеді екен. Тіпті «Катюша» өлеңіне орай қызын Катя деп атапты.
«Тағдырында таптырмас мағына бар»- демекші бүгінгі күнде арамыздан алыстап, Орал тауының саясында дүниеге келіп, Хантәңірінің етегінде мәңгілік мекенінде жатқан атамның жарық нұрының Алладан болуын тілеймін. Әрдайым осы Жеңіс күнін есіме алған сайын, осындай ұлы батыр ердің ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын.
Орындаған: 180 ЖББ мектептің 10 ә сынып оқушысы Зияда Асем