Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№177жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Байтулеева Нағима Мадиярбекқызы
«Ерлік – тәрбие жемісі»
Бауыржан Момышұлы
Бұл – аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Десек те, Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан батыр бабаларымыздың ерен ерліктері ұмытылмайды. Ұлы Отан сұрапыл соғыстың басталған кезінде, елімізден жалпы саны 1 млн 200 мыңдай адам соғысқа аттанған еді. Отан үшін от кешкен жауынгерлеріміздің жартысы, жат жерде жан тапсырып, аман қалғандары қайтып оралды.
Жеңіс туын арқалап, аман қайтқандардың арасында Ақтөбе өңірінің тумасы Мендіқараев Қоңыр атамыз да бар еді.1924 жылдың 1қаңтарда дүниеге келген батыр майдангер атамыз бүгінде жасы 96-ге келген. Ержүрек батыр атамызды 20 жасқа толғаннан кейін 1943жылдары әскер қатарына шақырылған екен.
Беларусь майданында атқыштар дивизясында болған қазақ халқының мерген жігітін майдандас достары «Құралайды көзге атқан мерген» — деп атап кеткен.
Бүгінде батыр атамыз тәрбиелеп отырған 3-ұл, 4-қыз, 23 немере, 22 шөбересі бар. Ерлігімен қатар ұрпақ тәрбиесінің жемісін де көріп отырған дана қария.
Өз ғұмырында Отан үшін от кешкен батыр бабаның тілегі:
«Соғыс болмаса екен»,– дейді!
Уақыт өткен сайын жүріс-тұрысы қиындай түссе де, жыл сайын
«Мәңгілік алауға» келіп, майдандастарына тағзым етеді.
Бүгінде сол қайсар қарияларымыздың қатары азайып бара жатқандығы жанға батады. Батыр бабаларымыздың қатары сирегенімен, ерен ерліктері еш ұмытылмайды.Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату – тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік біздің Отанымызға берілген тәңірдің сыйы.
Ұлы Жеңістің Туы желбірей берсін!