Саркулова Мерьем Казимановна
Мұнайлы ауданы,Бесшоқы тұрғын үй массиві
№8 жалпы білім беру орта мектебінің
көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген індет,елімізден айналып өтпеді. Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы халықаралық және көршілес елдердің тәжірибесіне сүйеніп,төтенше жағдай жариялап,сақтық шараларын дер кезінде бастап кетті. Осыған орай оқушылар демалысқа ерте шығарылды.Сондай-ақ,мұғалімге жүктелген міндет те, оңай болмады. Өйткені, төртінші тоқсан қашықтықтан оқытумен басталатын болды.Әрине,ол ата-анаға да,оқушыға да жеңіл соқпасы белгілі.Бірақ мұғалім әр оқушымен,ата-анамен түсінік жұмыстарын жүргізіп,бірлесіп жұмыс жасауға бағыт –бағдар берді.
Бұрын-соңды кездеспеген,қалыпты жағдай болмағандықтан, ұстаздарды үрейлендірмей қоймады. «Осы ауыр жүкті қалай көтереміз жасай аламыз ба?Тәжірибеміз жоқ қой,қалай істейміз?» деген сұрақтар әрбір мұғалімді ойландырып,көңілінде қорқыныш ұялатты. Бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып,ұстаздар қауымы тәуекелге бел буып ,жұмысқа кірісіп кетті.Әр түрлі платформада сабақ дайындап,3 сәуірде сынама сабақ өтіп шықты.Ұстаздар сыннан сүрінбей өте білді.
Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың төртінші аптасы жүгізілуде. Қарқын жаман емес бұл жағдайға да жайлап үйреніп кележатырмыз. Ең бастысы болашақ ұрпақ білімсіз қалмау керек.
Өз пәнім көркем еңбек сабағында мektep edu, Whatsapp, электрондық оқулықтар және видеороликтер сияқты бағдарламаларды қолдандым.Аталған бағдарламалар өзара үйлесе отырып қашықтан оқытуға мүмкіндігін жасады.Оқушылармен және ата –аналармен байланыс тығыз болды. Мен сабақтың тақырыбына алдын – ала презентатция, тақырыпқа байланысты видео сабақтарды байланыстырып жасадым, ізденіс арқылы тақырыпқа байланысты сілтемелер таптым, содан кейін оқушыларға Whatsapp желісі арқылы тақырыпқа сай тапсырмаларды жіберіп отырдым.Бұл әдістер оқушыларға өте ыңғайлы болды, оқушылар өз уақытарында кіріп көре алады. Көркем еңбек пәні формативті бағалауды білдірмейтіндіктен, сабақ барысында белсенділік танытып отырған әр оқушыға түсініктеме жазып және өз суретімді қойып үстіне мадақтау жазбалар қойып, оқушылармен кері байланыс жүргізіп отырдым, оқушыларға ол бір жақсы мотивация болды.
Еліміздегі қиын жағдайларға қарамастан, мен және менің әріптестерім заман ағымына сай, жағдайларға бейімделіп, өз міндеттерімізді лайықты атқарудамыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Егер барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлесе жұмыс атқарсақ, бұл қиын кезеңді де артқа тастап,алдағы уақытта барлығы жақсы болып,өз мектебімізге оқушыларымызбен қауышып,дәстүрлі сабақ өтетін күнге жететінімізге бек сенімдімін! БІЗ БІРГЕМІЗ !!!