Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№11 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Жалгасбаева Жайдары Комекбаевна
Информатика пәні мұғалімі
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы біздерге, ғылым адамдарына, нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін тағдыршешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Есесіне уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Бірақ қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі қиын.
Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды.Қазіргі таңда адам өмірін осы компьютер, телефонсыз елестету мүмкін емес болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.
Цифрлы Қазақстан бағдарламасының дамуы осы кезең тағы біррет дәлелдеді.Себебі бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі дәстүрлі оқыту түрінен қашықтықтан оқыту (онлайн оқыту) түріне ауысу дәлел деп білемін.
Цифрлы технологияны қолдану арқылы – барлық құжат айналымы қағаз нұсқаларынан біртіндеп тыйым салынып, электронды түрде көшіп адамдар өз уақыттарын тыйымды пайдаланып жатыр.
Қала мен ауылдарда интернет жоқтығын немесе баяу істейтінін «цифрлы алшақтық» бар екеніңде үмытпау тиіспіз. Алайда, казіргі танда еліміз дамып «цифрлы алшақтық» реттеліп ауылдарда интернет жылдамдығы реттеліп адамдардың, оқушылардың емін еркін жұмыс жасауына жағдай жасалып жатыр. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 90 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 90 пайызға дейін арттыру көзделуде»
Бізге тенхнологияларды тек импорттап қана қоймай, оларды барынша дамыта түсу қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Цифрландыру барысында біздің университеттер мен зерттеу шаралары байланысты болғаны жөн. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы.
Қорыта айтқанда: «Болашақ — білімді жастар қолында»демекші, Қазақстан бүгінде әр кімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. «Цифрлы Қазақстанға» қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор.
# Біз Біргеміз