Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№6 жалпы білім беру орта мектебі» КММ,
Бастауыш сынып мұғалімі
Тлеумбетова Райхан Утегеновна
Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс күні» 3 «қ» сыныбы
Біздің 3 «қ» сыныбында «Ұлы Жеңіс күні» тақырыбында қашықтан тәрбие сабағы болды. Қашықтан оқу ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар арасындағы үшбұрыш фигура секілді. Олар бір-бірімен байланысып бірігуі қажет. Әр бір ата-ана өз баласының білімді, салауатты өмір сүруін қалайды. Ұстаздың арманыда оқушыларын биіктен көру. Қашықтан оқу, оқушы мен ұстаз арсындағы байланысты нығайта түсті. Олар бір-бірін көрмей, жүректен сезіне білді. Бір-біріне деген сыйластықты күшейтті.
Елімізде болып жатқан ауыр індет барлықтарымызға ауыр тиді. Міне, осындай қиын сәтте ұстаз, оқушы, ата-аналар, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» , қашықтан білім алуды жалғастыруда.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген патриоттық сезімін арттыру. Біздің болашақ ұрпақ және жастар Ұлы Отан ардагерлері ерліктері арқасында еркін өмір сүріп жатыр. Бұл Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі.
Біздің сынып оқушылары тәрбие сағатына, бейне ролик дайындап, Республикалық «Өрлеу» порталына жариялады. 7 Мамыр-Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр-Жеңіс мерекелеріне орай ұйымдастырған байқауда 1-дәрежелі «Диплом» мен марапатталды. Бұл бейне роликті оқушыларым, «Ұлы Жеңіс» күніне арнап, ән-өлеңдерін жолдады. Біздің сынып оқушыларына қашықтан оқудың тиімді әсері көп. Оқушыларым өз бетімен ізденіп, жаңа технология сырларын үйрене бастады.Тәрбие сағатында қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіріп, өз еліне, Отанына патриоттық сүйіспеншілігі арта түсті.