Home » Мақалалар » Қашықтықтан  оқытудан қашпаймыз

Қашықтықтан  оқытудан қашпаймыз

 Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№4 жалпы білім беру орта мектебі»
КММ ағылшын тілі пәні мұғалім
Калиева Ұлпан Бекбергеновна

Қазақстан халқы  COVID19 індеті таралуының алдын алу мақсатында  төтенше жағдай режіміне көшті.Төртінші тоқсанның басталуына азақ уақыт қалды,дегенмен бұның шешімін табу қыйынға соқпас.Себебі,Цифрлы  Қазақстан атымен дамыған елдер қатарында екенімізді ескере отырып бұл жағдайда қашықтан оқу мүмкіндігіміз бар екеніне еш күмәніміз жоқ.Әрине, қашықтан оқытуды жүелі жүргізу алдымызға қойылған сенімді талап болып  табылады.

Қашықтан оқыту-жаңа технологияны пайдалана отырып оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасау.Бүгіңгі таңда әр бір отбасында ұялы тел,компютер т.б ақпарат тасымалдау құралдарын пайдалануға мүмкіндік болғаны қашықтан оқыту барысын жүргізуге қыйындық тудырмау керек деп ұйғарылды. «Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» демекші мұғалімдермен ата-ана ортасында тығыс байланыс орнатып осы мәселенің оңтайлы шешімі табылды.

Көп ұстаздар қатарында менде қашықтан оқытуды өз тәжрибемде көріп жатырмын.Бұл жағдайды сіздермен бөлісе отырғым келіп тұр ,себебі қаншама қыйын қыстау кездерде де ұстаз бар ынтасымен оқушыны өзіне қарата білген.Әрине, мойындау керек бастапқы кезеңдерде бұл көрініс ешкімге де оңайға соққан жоқ.Экранның арғы бетінде отырған оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын ояту,балаға сұрақ туындамайтын  дәрежеде жеткізу,оқушы өз бетінше кері байланыс жасай алу сияқты т.б өзекті мәселелерді оңай ғана шешімін табу ұстаздардың  шеберлігін қажет етті десем артық айтқан болмаймын.Сонымен бірге оқушылармен бір мезетте олардың ата-анасымен тіл табысу мұғалімдерге психологиялық шыдамдылық пен төзімділікті талап етті.Кешеғана бір сыныпта отырған ұстаз бен оқушы ортасындағы қарым –қатынасты қаншама қашықта отырып, сол қалпында ұстап отыру оңайға соқпайды

Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту жұмыстары еліміздің әр бір өңірінде кедергісіз жұргізіліп жатыр.Қуантарлығы бүгіңгі жас ұрпақ болашағымыз кепілі екеніне тағы бір рет көзіміз жетті,себебі оқушылар қажетті ақпараттарды тез игеріп бір уақытта ата-анасыныңда сенімін ақтап жатыр.Ата –аналар өз балаларының жаңа заман талаптарына әлде қашан төселіп қалғанының тағы бір куәсі болып отыр.Елімізге келген бұл қауыпті індетті біріге  жеңіп шығуда, барлығымызға  жаратқан сабыр беруін ,келесі оқу жылында аманшылықта қауышуға, Алла нәсіп еткей!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.