Home » Мақалалар » 7-мамыр Отан қорғаушылар күні  құтты болсын ер жігіттер!

7-мамыр Отан қорғаушылар күні  құтты болсын ер жігіттер!

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№ «8 жалпы білім беру орта мектебі»
Бастауыш сынып  мұғалімі
Аманжолова Айгул

Құрметті  азаматтар, біздің  мектептің ұстаздары, жігіттер сіздерді

7-мамыр  Отан қорғаушылар күні  мерекесімен  шын жүректен      құттықтаймыз!

Шын мәнісінде  мереке барша  ер азаматарға ортақ.Жігіттер қауымы-айтқанынан қайтпайтын қайсар халық. Ойлаған армандарыңыз, жүзеге асығып мақсаттарыңыз  орындалсын.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеуіл найза қолға алмай,

Еңку еңку жер салмай,

Ерлердің ісі бітеме?

деп Махамбет жырлаған, 7-мамыр Отанымызда жалпы халықтық мейрам. Ер азаматтардың орны әрқашанда ерекше. Олардың күш жігеріне ақыл парасатына бүкіл әлем бағынған. Ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірттерін білім нәрі мен сусындатып адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жатқан ұлағатты ұстаздарымыз мектептің жүрегі.Мектебіміздің мақтаныштары, үлгі  тұтар ұлағатты  ұстаздар, адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан деп ұлы, Абай атамыз айтқандай, атап  айтқанда Дүйсенғали ағай ,Серік ағай, Есен ағай, Көбейсін ағай, Зейнулла ағай, Аманжол ағай, Тойлыбай  ағай, Үсен ағай және мектебіміздің ер азаматтары мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын. Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын. Еліміздің өркендеу жолында  атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңе саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.