Home » Ашық сабақтар » « Ертегілер еліне саяхат  Г дыбысы»

« Ертегілер еліне саяхат  Г дыбысы»

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№12  жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Ашық сабақ Сауат ашу мектепалды даярлық тобы
Бастауыш сынып мұғалімі
О «Ә» сыныбы
 Ниязбекова Анар Адилхановна

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқуға және  жазуға үйрету.

2.Дамытушылық: Балалардың  сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын жұмбақ  шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.

3.Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ,

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, суреттер кесте әріп.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу

2.Психологиялық дайындық,

Сыныбымыз тап-таза

Денемізді жинақтап

Отырайық партаға

II.Өткен сабақты қайталау

Мұғалім:-балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?

Оқушылар: оқуды жазуды.

Мұғалім:-дыбыс дегеніміз не?

Оқушы: дыбысты естейміз, бірақ көрмейміз.

Мұғалім:-әріп дегеніміз не?

Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз,  оқимыз.

Мұғалім:-дыбыстар нешеге бөлінеді?

Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді,  дауысты және дауыссыз дыбыс.

Мұғалім: дауысты дыбыс дегеніміз не?

Оқушы: Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамай шыққан дыбыс.

Мұғалім: Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Оқушы: өкпеден шыққан ауа кедергіге  ұшырап шығатын дыбыс.

Мұғалім:-әріптерден не құралады?

Оқушы:-сөз.

Мұғалім:-сөзден не құралады?

Оқушы:-Сөйлем.

Мұғалім:-сөйлем қандай әріппен жазылады?

Оқушы:-бас әріппен.

Мұғалім:-Өте жақсы.

Мұғалім:-өткен сабағымызда  қандай дыбыспен таныстық?

Оқушы: Ү дыбысы:

Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс?

Оқушы: дауысты жіңішке.

Үкінің суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.

III.Жаңа сабақ.

Мұғалім: Аналарға сыйлайтын, Аралар  бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын,

Гүл (гүлді ұсынып көрсету)

Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр.

Оқушылар Г г дыбысы.

Мұғалім олай болса , бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы Г дыбысы және әрпімен танысамыз.

Г-электронный түрінде айту.

Мұғалім: Г дыбысы дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі.

Гүлдің  суреті. ГҮЛ-гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір—ьірімізге  сыйлаймыз.

  1. IV. «Жоғалған әріп» ойыны:

Ше…е , е…еу ,  е…гін ,

V.Ребус шешу.

Жауабы: гитара, айгүл , гүлнар.

VI.Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып

Гүлге ұқсап дем алам

Қолымызды қозғалтып

Гүлдей болып жайқалам.

VII.Дәптермен жұмыс.

Ауада жазу, тақтада көрсету.

Бас әріп, кіші әрпін жазу.

VIII.Шығармашылық тапсырма.

Гүл, көгершін, шегіртке сөздерін текшені, бояу.

IX.Жаңа  сабақты бекіту.

Дидактикалық ойын «Кім  шапшаң» ойыны.

Шарты: Г г дыбысы бар сөздерді ойлап тауып буынға бөлу.

X.Жаңа сабақты қорытындылау.

Мұғалім: қандай дыбыспен  таныстық  Г  дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?

«Ақ  көгершін»  өлеңін айтып, сабақты қорытындылау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.