Маңғыстау облысы.
Жаңаөзен қаласы
Сүгір Бегендікұлы атындағы
№4 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Нуртаева Айдынгул Арсенова
Ел Президенті Қасым Жомарт-Тоқаев Үкіметке Халықты короновирустық инфекциядан қорғау шараларын міндеттеуіне байланысты Білім және Ғылым министрі арнайы бұйрық шығарды.Сонымен қатар IV тоқсанның сабағы қашықтықтан оқылатын болды.Сонымен қатар ата-аналарымыздың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертті.Көптеген ірі платформалар өз қызметтерін тегін ұсынып жатыр. Мемлекет тарапынан жұмысы уақытша жабылған азаматтарға ,көп балалы отбасыларға қолдау көрсетілуде.Ел жанашырлары да мұқтаж жандарға қол ұшын беруде.Бұл игі істер болашақ ұрпаққа үлгі боларлық іс-әрекеттер деп ойлаймын . Оқытудың құралы ретінде видио –сабақтар пайдаланып жатыр.Қашықтықтан оқытудың тиімділігі ,уақыт үнемдеу ,ақпараттық комуникациялық –технологияларды қолдану.Ұстаз деген әр уақытта оқушының ішкі жан –дүниесінің сырын ашып ,оның сабаққа деген ынтасының дамуына жағдай жасап отырады.Сонымен қатар ,балалар «Балапан», «Ел Арна» телеарналарынан қосымша сабақ қарау арқылы өздерінің кері байланыстарын интернет арқылы вацап арқылы жіберіп отырады.Дәл қазір елімізде IV тоқсанның төртінші аптасы қашықтықтан оқыту сабақтары өтуде.Ата-анамен мұғалім және білім алушы балапандарымызбен үздіксіз ,сағат сайын байланыста болуымыз керек деп ойлаймын.Ұйымшылдықпен жұмыс жасасақ ,қашықтықтан оқығанымызбен балаларымыздың білім алуына оң нәтиже береміз деп ойлаймын. Ал, біздер ұстаздар қауымы қажырлы еңбегімізбен алға ұмтылайық.Сондықтан ,мен ата-аналарыма шәкірттеріме үйде болуға,сабырлы болуға шақырамын.Осы азғана уақыт қалғанына байланысты IV тоқсанды сапалы,нәтижелі аяқталуына ұстаздар қауымына сәттілік тілеймін!
Халқымыз аман ,еліміз тыныш болсын!
Біз біргеміз!