Home » Ашық сабақтар » Теңізге саяхат

Теңізге саяхат

Мирзахмедова Огулжан Таировна
Түркістан облысы
Кентау қаласы
«Айша бибі» бөбекжай-балабақшасының
дене шынықтыру пәні мұғалімі

Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы:

Денсаулық
Бөлімі : Дене шынықтыру
Өтпелі тақырып: Дені саудың – жаны   сау
Тақырыпша: Өзіңе және өзгелерге қызмет ет
Тақырыбы: Теңізге саяхат
Мақсаты: бір орында тұрып ұзындыққа секіруді үйрету. Аяқ пен қол қимылын үйлестіре, серпіле екпінмен секіруді бекіту. Музыкаға сәйкес өздігінен бейнелі қимылдар орындау қабілеттерін  қалыптастыру. Бұлшық еттер мен қол-аяқтың үйлесімді қимылын дамыту. Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қолданылатын әдіс-тәсілдері. Түсіндіру, көрсету, көрнекілік, саяхат.
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу.
Оқу қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық
Ұйымдастырушы іздестіру
Рефлексивті коррекциялаушы
Балалар әдемі әуен ырғағымен қатарға тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтармен амандасып алайық.
– Балалар сендер теңізге саяхатқа барғыларың келе ме? Теңіз алыс. Теңізде су коп болады. Ал суда әртүрлі жануарлар өмір сүреді. Біз сол жануарлармен танысып қайтамыз. Алдымен жаттығу жасап денемізді қыздырып алайық.Қанекей, балалар, олай болса сендер дайынсыңдар ма!                                    Балалар: Ия
Тәрбиеші: Олай болса жаттығу жасаймыз.                                                                         Кіріспе бөлім: Арнаулы жаттығулар:
— бір тізбекпен жүру;
— қол белде, аяқты кезек-кезек жоғары көтеріп жүру;
— баяу жүгіру. Жай жүріспен жүру.
Балаларға әдемі сандықшаны көрсету, ашып, ішіндегі сылдырмақты сылдырлату.
Сылдырмақты балаларға беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.
Жан-жақты дамыту жаттығулары:
(Сылдырмақтар)

  1. 1. Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Б. к.: аяқ бірге, қол төменде.

  1. 1. Қолды жоғары көтеру.
  2. Қос қолдағы сылдырмақтарды оңға сылдырлату.
  3. Қос колдағы сылдырмақтарды солға сылдырлату.
  4. Б. қ. келу.
  5. Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Б. қ.: аяқ сәл алшақ, қол жоғарыда.

  1. 1. Оңға иілу, сылдырмақты сылдырлату.
  2. Солға иілу, сылдырмақгы сылдырлату.
  3. Б. қ. келу.

Суда жүземіз-қолды созып айналдырамыз

Тәрбиеші: Ал, қанекей, балалар енді жолға шығайық. Алдымен жолбасшымызды дайындап алайық . Ол бізге жол көрсетіп алдымызда жүреді.

Жолбасшыны дайындап аламыз

Тапсырма береміз кім бірінші жауап берсе сол жолбасшы болады.

Біз теңізге саяхатқа  бара жатырмыз теңізде су толы судың түсі қандай?

-Балалар жауап береді

Жолбасшыны дайындап алдық ендіше кеттік.

Негізгі бөлім : Тәрбиеші: Балалар,  судың дауысын естіп  жатырсыңдар ма?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Демек біз теңізге жақындадық. Ой, балалар, қараңдар алдымыздан не шықты. Бұл су періштесі

Су періштесі: Сәлем, балалар. Мұнда неге жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Біз теңіздегі балықтарды тамашалауға келдік .

Су періштесі: Бұл теңіздегі балықтарды менің рұқсатымсыз ешкім тамашалай алмайды

Тәрбиеші: Олай болса бізге теңіздегі балықтарды тамашалауға рұқсат берші.

Су періштесі: Мына кішкентай өзеннен секіріп өтсеңдер ғана теңізге өте аласыңдар .

Тәрбиеші: Балалар, біз секіре аламыз ба?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Балалар, алдымен бір орында тұрып жоғары секірейік, оң аяқты көтеріп секірейік, сол аяқты көтеріп секірейік. Ал енді өзеннен секірейік.

Балалар өзеннен кезек-кезек секіреді. Бір орынды тұрып ұзындыққа секіруді орындайды.

Су періштесі: Жарайсыңдар, балалар, сендер не деген шапшаңсыңдар. Енді менімен жүріңдер теңіздегі балықтарды көрсетейін.

Балаларға теңіздегі балықтарда көсетеді. аттарын айтады .

Тәрбиеші; Балалар, балықтар ұнады ма?

Балалар: Ия

Тәрбиеші:  Міне су періштесіде қуанып қалды.  Енді оның көңілін көтеріп бір қызықты ойын ойнаймыз. (Ұқсасты тап ойыны) ойын шарты түсіндірілген

Су періштесі: Рақмет  сендерге,  балалар, менің  көңілім көтеріліп қалды.

Тәрбиеші: Балалар, енді елге қайтамыз.(Теңізден алған әсерін айтады)

Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?

— Қай жерге саяхатқа бардық? Нелерді көрдік?

-Қандай жаттығулар жасадық

Балалар: Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Біледі. Жүріс түрлерін, жалпы жетілдіру жаттығуларын.

Үйренеді: бір орында тұрып ұзындыққа секіруді үйренді. Аяқ пен қол қимылын үйлестіре, серпіле екпінмен секіруді бекітті

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бір орында тұрып ұзындыққа секіруді меңгерді

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.