Ныгыметова Алмажай Сыдиыховна
Атырау облысы, Индер ауданы,
Бөдене ауылы
“Балбөбек” бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Бұл баяндамада ойын түрлерін пайдалану арқылы баланың тілін дамыту, және сөздік қорын молайту мәселесі қарастырылды. Бүгінде баланың тілінің дамуы алаңдатарлық мәселе екені бәрімізге аян. Әдеби шығармалар, ертегі тыңдап өспеген бала комьютерлер мен ұялы телефондардан бас көтермей жатады. Осыдан да баланың тілдік қоры аз, байланыстырып сөйлеуге бейімделмеген, ортаға бейімделуі нашар ұялшақ қасиеттер басым келеді. Осындай кемшіліктерді байқай келе баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып ,тілдерін дамытып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуін ойын әдісі арқылы іске асыруға тырыстым.
Менің бұл баяндамамның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту, креативті ойындармен,сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Мектеп жасына дейінгі балаларда ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралы болып табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана, балаларда тәрбие мен оқыту жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.
Ойын түрлерінің барлық түрінде тілдік қолданыстарды: креативті ойындарды қолданылып отырса бала қызыға қайталап, тілдік қоры молайып, жалпы сөйлеу тілі дамиды.
Мектепке дейінгі балалардың тәрбие ісін және білім алу процесін ойын түрінде өткізудің өзіндік маңызы бар.
Балалар үшін маңызы – бүлдіршіннің ақыл-ойы, тілі дамиды, оқуға қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылығы,артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.
Тәрбиеші үшін Ойын түрінде оқытудың тиімділігі оқу процесі жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын
арттырады, сабақта қызықты өтеді.
Ата-ана үшін маңыздылығы — бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы тәрбиелейді. «Ойын – бала үшін ойын емес, шындық» деп Ресей педагогикасының негізін қалаған К.Д. Ушинский бекер айтпаған болса керек.
Қоғам талабына сәйкес, еліміздің дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс — әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттердідайындау ұстаздың міндеті.
Ойын — балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «менін»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін — өзі дамытуға мүмкіндік береді.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді.Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі.
Ойын — әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.Ол балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуынша «Ойын — балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» — деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана орындайды.
Сонымен, балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма -жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл — ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Ойын дегенміз—жас ерекшелікке қарамайтын,адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. «Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.
Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойына арқылы тәрбие алады» А.С.Макаренко.
Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.
Ойын — бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы өзара қарым-қатынас жасауды меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын — балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады.
«Сәбиге ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде ғана өмір сүреді де, жаттығады да, жан мен тәнін өсіреді де»А.В.Луначарский
Ойынға бірнеше талаптар қойылады
— Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден
түсіндіру.
— Ойынға топтағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
— Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
— Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
— Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
— Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
— Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.Ойын кезінде нашар оқитын оқушылар сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды.Оқушы сабақта ойнап қана қоймайды, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете біледі.Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез — келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір — бірімен өзара қарым — қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады.
Жас ерекшелігіне тән сөйлеу тілі дамымаса онда олардың сөздік қоры да төмен болады. Сөйлеу тілін түсінуі жақсы болса да, ойлауы шектеулі. Мұндай балаларда сөйлеу тілі басқа балаларға қарағанда кешірек шығады. Бұл уақытта сөйлеу белсендігі арта түседі, сөздік қоры көбейеді, бірақ балалар буындарға бөлгенде, сөздерді айтқанда әріптерді шатастыруда қиналады. Сондықтан да олардың сөйлеген сөздері қоршаған ортадағыларға түсініксіз болып келеді.
Ал ойындарды қолдануда бала қызығушылығы артып, талпынады. Және кез — келген сөзді толық айтуға тырысады.Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларын лайықты болуқажет.Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді — адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады.
Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға болады. Ойындар ішінде ең ұтымдысы қимыл-қозғалыс ойындары деп білемін.Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауда бала тек қозғалыста емес, ойнап жүріп тілдік қарым-қатынасқа түседі. Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді, қалыптасқан бала өздері жүргізуші болуға үйренеді. Тілдері дамиды.Осы орайда түрлі креативті ойындарды ойнатамын.
1.Ойын: «Көңілді піл» Мақсаты:Қораптың ішіне қолын салып, ішіндегі заттың пішінін анықтау.
2.Ойын: «Музыкалық қорап» Мақсаты:Қорап ішіндегі жануарларды атап, олардың қандай дыбыс шығаратынын айту.Балалардың сөздік қорын дамыту.
3.Ойын: «Сыйқырлы кілемше». Мақсаты:Сандарды тани білуге. Балалардың назарын дамыту,байқағыштықтарын арттыру, ұсақ қол маторикасын дамыту.
4.Ойын:Үстел үстіндегі футбол. Мақсаты :Балалалар қарапайым түтікше арқылы,ортадағы допты үрлейді. Бұл ойында тыныс алу жаттығуын, шапшаң қимылдауға ұжымдық сезімдерін дамыту.
5.Ойын:Клоунның мұрыны кайда? Мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту. Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.