Home » Білім және тарих » Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындалады

Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындалады

Елімізде «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындалады. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық басылымда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған. Президенттің сөзінше, аталмыш жұмыс азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында қолға алынбақ.

«Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету», — деп атап көрсеткен мақаласында Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі.

Мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үндеу тастады. Оның айтуынша,  жастар кең байтақ Қазақстанды асқақ армандары мен батыл жоспарларын емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысына марқайып, әрдайым тілеуін тілейтін қасиетті Отаны ретінде бағалауы тиіс. Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.