Home » Мақалалар » Органикалық химия сабағында тəжірибе жұмыстарының маңызы

Органикалық химия сабағында тəжірибе жұмыстарының маңызы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Хаирова А.И.

Аңдатпа. Мақалада органикалық химия пəнінен тəжірибелер жасау, білім алушылардың органикалық химия пəніне қызығушылығын арттыруға бағытталған.Химиялық тəжірибе — білімге деген құлшынысты ашуда маңызды əдіс болып табылады.

Тəжірибені дұрыс жасау арқылы білім алушының дүниетанымын кеңеюіне əкеледі.

Тəжірибе жұмыстары – бұл білім алушыларды химия ғылымына деген қызығушылықты кеңінен ашады.

Əр алуан химиялық тəжірибені пайдалана отырып, оқытушы өзінің теориялық білімін нақтылай түсіп, практикалық біліммен байланыстырып, теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тəжірибе арқылы дəлелдеуге мүмкіндік береді.

Органикалық химия білімалушылардың ақыл-ойының дамуына керемет ықпалын тигізеді.

Органикалық химияны оқу барысында молекуладағы атомдардың орналасуы,

химиялық байланыстарды, химиялық тепе – теңдікті тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Органикалық химияны оқытқанда теориялық білімді тəжірибемен байланыстыра отырып, органикалық процесстерді меңгеруге жəне заңдылықтарын түсінуге көмектеседі.

Мақалада органикалық химияны оқытуда практикалық білімі мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беру жағдайлары қарастырылған.

Кілт сөздер: органикалық химия,тəжірибе,құрал-жабдық,эксперимент, теория,дағды,процесс,химиялық реакция.

Кіріспе

Органикалық химияны үйрету барысында, тəжірибенің алатын орны зор. Ол химиялық білім үйретуде, оқу бөлімінің маңызды бөлшегі болып табылады.

Химиялық тəжірибелер химия бойынша арнайы бағдарламаға сай болуы тиіс.Химиялық тəжірибені неше түрлі формада, неше түрлі əдістер мен оқу құралдарын қолдана отырып, жасауға болады.

Химиялық тəжірибе бірнеше кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезең — тəжірибе құрылымын дайындау, екінші кезең — жұмысты жоспарлау жəне жүргізу, үшінші кезең — алынған нəтижелермен қорытындылау. Білім алушылардың белсенді жұмысы – химиялық тəжірибе аясындағы маңызды бөлімі болады [1].

Химиялық тəжірибе – заттар жəне химиялық реакциялар туралы білім көзі, химияны оқытудың маңызды бөлігі болып табылады. Химиялық тəжірибелер арқылы білім алушылардың ақыл — ойын дамытуға болады.

Химиялық тəжірибенің оқушылардың білімін жетілдіруде маңызды рөл атқарады.

Орта мектепте органикалық химияны оқыту, оқушының үлгерімін арттырып жəне тек мұғалімнің сабақ өткізуімен ғана шектеліп қана қоймайды. Себебі, органикалық химия күнделікті қарқынды дамуда.

Сонымен қатар, мемлекетімізде химиялық өндірістің қарқынды дамуы, оның технологиялық шарттарының артуы, əртүрлі техникалық сызбаларды меңгеруді талап етіп отыр. Сол себепті, мектепте органикалық химияның ұғымдарын терең түсіну үшін, химиялық тəжірибе жүргізу үлкен рөл атқарады.

Оқушылар органикалық химияны тек теориялық оқумен қатар, тəжірибелік маңызы зор химиялық тəжірибелерді де жүргізген тиімді [2].

Химия — жаратылыстану пəндерінің ішінде теориялық – экспериментті ғылым.Органикалық химия пəнін үйретуде химиялық тəжірибе жасау, оқу үрдісінің маңыздыбөлімі. Химиялық тəжірибе жүргізу аясында, білім алушылардың өзіндік дамуы, химияға деген құлшынысы арта түседі. Химиялық тəжірибе орындағанда, байқалған əр түрлі химиялық құбылыстарды түсіндіру барысында, оқушыға химиялық біліктілік пен дағды қалыптасады.

Химиялық тəжірибеге органикалық химия курсын оқытуда ерекше мəн береді.Мектеп бағдарламасында химиялық тəжірибені орындау арқылы, оқушылары оқып білуге,зерттеуге, талдауға, қорытынды шығаруға, сонымен қатар, құрал жабдықтармен жəне реактивтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді [3]. Химиялық тəжірибе білім алушыларды тек құбылыстармен, түрлі процестермен, реакциялармен таныстырады.

Бұл пəнге деген қызығушылықты арттыруға, жүріп жатқан процестерді бақылауға,жұмыс əдістерін игеруге, дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Тəжірибелерді жасау барысында, білім алушылар заттардың қасиеттері мен химиялық процестер туралы білімді тезірек игеріп алады, сонымен қатар химиялық тəжірибелер арқылы білімді естеріне сақтауға, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді. Тəжірибе – органикалық химияны оқытуда,теорияның практикамен байланысын жүзеге асырудың, білімді сенімге айналдырудың маңызды жолы. Органикалық химияда қолданылатын көптеген тəжірибелердің нəтижелері,əдетте, заңдылықтарға қайшы келмейді жəне белгілі бір теориялық ұстанымдарды дəлелдейді [4]. Сондықтан əр тəжірибенің танымдық мəнін ашу химиялық тəжірибенің басты талабы жəне маңызы болып табылады.

Химиялық тəжірибе төмендегідей бағыттарда химияны оқыту барысында, оқу-тəрбие есептерінің тиімді шешілуінде негізгі рөл атқарады:

  1. Құбылыстарды танып білудің бастапқы кезеңі.
  2. Жасалған болжамның, қорытындының дұрысын немесе қателігін дəлелдеудің,сонымен қатар ережені растаудың қажетті, өте жиі кездесетін құралы ретінде.
  3. Заттарды алу мен оларды анықтауда, құрал-жабдықтармен, заттармен жұмыс істеудегі практикалық біліктілігін қалыптастыру мен арттыратын құрал ретінде.
  4. Эксперимент теориялық білімді дамыту, жетілдіру жəне бекіту үшін маңызды құрал ретінде.
  5. Эксперимент білім алушының білімін, біліктілігін тексеру əдісі ретінде пайдаланылады.
  6. Эксперимент химияны оқыту барысында білім алушының қызығушылығын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
  7. Эксперимент бақылау қабілеттілігін, шыдамдылығын, білім алуға жəне оны дамытуға ұмтылысын жəне оны практикада қолдану қабілеттілігін дамытады.

Органикалық химияны оқытудың заманауи əдістемесінде химиялық тəжірибенің екі негізгі түрі бар – виртуалды демонстрациялар жəне виртуалды зертханалар. Біз өз жұмысымызда виртуалды демонстрацияны жиі қолданамыз. Себебі химиялық зертханада бір себептермен іске асырылмайтын химиялық тəжірибелерді көрсетуге мүмкіндік береді(мысалы: реактивтердің жоқтығы, реактивтердің қауіптілігі жəне олардың денсаулыққа əсері,уақыт шектеулігі).

Компьютерлік тəжірибелер күрделі жəне қауіпті химиялық тəжірибелерді көрнекі,есте қаларлық суреттерін динамикада алуға, түрлі тəжірибелерді көруге мүмкіндік береді.Видеофрагмендер тəжірибені толық зертханада көруге, кей жағдайда қарастырылған тəжірибелерге оралуға мүмкіндік береді. Бұл форма білім алушыларға терең тəжірибелік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді [5].

Сонымен қатар, виртуалды демонстрация тек білім алушылар үшін ғана емес,сонымен қатар ұстаз үшін де пайдалы. Себебі, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға жəне түрлі қызықты тəжірибелерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу материалдары мен əдістері

Химиялық тəжірибе – теориялық мəліметтің мазмұнын түсініп жасағанда пайдалы болады. Əрбір химиялық тəжірибе – ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді. Ең жеңіл тəжірибенің өзі дұрыс жасалмаса, адам өміріне қауіп тудырады. Сондықтан тəжірибе жасау үшін, білім алушы арнайы дайындықтан өту керек.

Білім алушы – тəжірибе жұмыстарына арналған нұсқаулықты қарап, тəжірибенің орындалу барысымен, зерттеуге түсетін барлық заттардың қасиетімен оқулықтан іздеп,танысады. Тақырыпқа сай, теориялық мəліметтерді дайындап, керек есептерді орындайды.

Мектептерде оқытылатын органикалық химия пəнінің мазмұны мен құрамы жыл сайын өзгереді. Бастапқы бағдарламада оқу мəлімет құрамы жай қосылыстардан басталып,күрделі қосылыстарға дейін орналасты. Содан кейінгі бағдарламаларда жаңа теориялық тақырыптармен толықтырылды. Органикалық химия — органикалық қосылыстардың номенклатурасы, гомологтық қатар, заттардың алу жолдары, заттрдың физика – химиялық қасиеттері, заттардың қолданылуы жəне т.б. тақырыптарды қамтиды. Органикалық химия пəнінен тақырыптарды өткеннен кейін міндетті түрде тəжірибе жұмыстары жасалыну керек.

Тəжірибе жасалғаннан кейін, нəтижесін шығарып, қорытындылып, алған білімді бекітеді [6].

Зертханада тəжірибе жасау — процесстің жүру барысын: яғни тұнба түзілу, оның еруі,түстердің əр түске өзгеруі, жылу эффектісі, əртүрлі көрсеткіштер жəне де тағы басқа өзгерістерді анықтайды. Тəжірибе қорытындысы арнайы журналға келесідей ретпен толтырылады:

1) Тəжірибенің аты, реті, орындалған күні;

2) Тəжірибе мазмұны;

3) Тақырыпта берілген сұрақтарға жауап жазып, тəжірибенің мазмұнын жəне нəтижесін жазу;

4) Реакция теңдеулерін рет ретімен жазу;

5) Есептерді шығару;

6) Қондырғылардың суретін салу;

7) Нəтижелерді толықтай жазу.

Жұмыс журналына арнайы қалың дəптер бастаған дұрыс болады. Əрбір бетті үш бөлікке бөліп, бірінші бөлікке тəжірибенің аты мен зертханалық жұмыстты өткізген күнді жазған дұрыс [6].

Келесі бөлікке химиялық реакция теңдеуін, сызбанұсқаларды, сурет жəне графиктер енгізіледі. Үшінші бөлікте нəтиже жазылады. Тақырыптың аты үлкен əріптермен жазылады.

Күні: 18.03.2022

Тəжірибенің аты

Тақырып: Алкандар

Тəжірибені өткізу

 

Байқау, қорытынды

 

Алкандардың алынуы жəне химиялық қасиет-тері

 

1. Этанды алу қон-дырғысы

2. Химиялық реакция

теңдеулері

Этан газ күйінде бөлініп,

бром суы түссізденеді.

 

Бірінші жəне екінші бөлікті білім алушы сабаққа дайындық кезінде толтырады. Ал үшінші бөлік, лабораторияда тəжірибені орындау барысында толтырылады. Жұмысты орындап, нəтижелерін жазып, болған соң білім алушы дəптерін оқытушыға тапсырып,жұмыс орнын тазалайды. Содан соң білім алушы тəжірибе бойынша сынақ тапсырады.Сынаққа білім алушының журналы толықтай дайын болуы керек. Сынақ барысында, білім алушы барлық сұрақтарға жауап беріп, тəжірибенің мазмұнын, нəтижесін толықтай түсіндіріп айтып беруі керек, сонымен қатар, бақылау сұрақтарына да дайын болуы шарт.Зертханада тəжірибе жұмыстарын жүргізгенде, келесідей қауіпсіздік ережелер сақталуы керек:

  1. Тəжірибе жұмыстарын жүргізген кезде, улы, өткір иісті заттар мен қышқылдартартпа шкафта жүргізілуі керек.
  2. Тез жанатын заттармен істелетін тəжірибелер оттан аулақ жерде орындалуы керек.
  3. Натриймен жəне басқа сілтілік металдармен жұмыс істегенде судан сақ болған жөн. Сілтілік металдардың қалдықтарын лаборантқа өткізген дұрыс.
  4. Пробиркадағы ерітіндіні қыздырған кезде пробирканың аузын ешкім жоқ жаққа қаратып ұстау керек. Əсіресе концентрлі қышқылдар мен сілті ерітіндісін қыздырғанда осы ережені қатаң сақтаған жөн. Бұндай тəжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.
  5. Қыздырылған ерітінді үстіне еңкеюге болмайды. Себебі, ыстық ерітінді бетке шашырауы мүмкін. Сақ болу керек.
  6. Концентрлі қышқылдарды сұйытылған қышқылды суға құю керек, ал керісінше істеуге болмайды.

Органикалық химияда тақырыпты өткен кейін, сол тақырып бойынша есептер,тəжірибелік жұмыстар, логикалық есептер беріледі. Теориялық шығарылған есептерді тəжірибемен байланыстыруға болады. Осыған байланысты келесі мысалды қарастыруға болады.

Қорытынды

Қорыта келе, тəжірибенің жүйелі түрде жүргізілуі химиядан үлгерімі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Алынған машықтар мен білімді оқушылар тек мектепте пайдаланып қоймай, болашақта өздік жұмыстарда, жоғары оқу орындарында кең қолдана алады. Тəжірибелік бақылауда,білім алушының ақыл ойы, ойлау қабілеті арта түседі. Тəжірибе жасаудың арқасында, білім алушылар қай зат қандай түс екенін, ол заттан қандай иіс шығып жатқанын, физика – химиялық қасиеттерін, алу жолдарын, зерттеліп жатқан заттың тағы да басқа қасиеттерін анықтап, білуді үйренеді.

Химия сабағында тəжірибені сапалы өткізе білу, оқушылардың білімін арттыруға,теориялық білім мен тəжірибенің өзара байланыстыруға, тəжірибе жасауға, дағды алуға,жұмысты жоспарлай білуге, есептеуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, іскерлігін арттыруға үлес қосады. Сол себепті, органикалық сабақ курсынан тəжірибе жасау өте маңызды бөлім болып табылады.

 

 

ƏДЕБИЕТ

[1] Калмыкова З.И. Продуктивное мышление как основа обучаемости. Академия пед.наук СССР.- М.: Педагогика, 1981.

[2] Аманов Х.Т. Место химического эксперимента в системе обучения // Непрерывное образование. – 2004. – No 5. – С. 40-45.

[3] Иванова А.Ю. Практическое моделирование. Компьютерный эксперимент.Лабораторный практикум: Учеб.пособие. Томск: Том.гос. ун-т систем управления и радиоэлектроники, 2005. — 231 с.

[4] Адаменко А.А. Анализ роли химического эксперимента в средней школе // Химия.– 2006. – No 8. – С. 10-15.

[5] Цветков Л.А. Органическая химия: Учебн. пособие для образов. учреждений/ О. С.Габриелян. Программы для общеобразовательных учр., 2009.

[6] Сборник задач и упражнений по органической химии: учеб. пособие для студ.Учреждений высш. проф. Образования / В.Г.Иванов, О.Н.Гева, Ю.Г.Гаверова. – 2-е изд.,перераб. и доп. – М.: Издательский центр «Академия», 2013. – 322 с.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.