Целиноград ауданы, Арайлы ауылы
“Арайлы”жалпы орта білім беру мектебінің
ағылшын тілі пән мұғалімі
Абдуалиева Аим Талгатбекқызы
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет,телекоммуникациялық желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы-жарқын,білімді,парасатты,өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп,өз елін,халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес,сонымен бірге жаңа ақпараттық,коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте,ақпараттық құралдарда,ғылым мен білімде.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты,саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болуы керек.
Ағылшын тілі-бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі- ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз.Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық — электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда
ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық-электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер,телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді,тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зор түсуде.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп,жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді,әр-түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын.
Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді,шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы» Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң,ең әуелі мектепке керегі – білімді,педагогика,методикадан хабардар,жақсы оқыта білетін мұғалім.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады.Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.Сонымен қатар жаңа технологияны пайдалана отырып оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Ұстаз тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып,істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек.
Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;
Оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру,дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу,сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын,ой-өрісін кеңейту,өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып шығармашылық қабілетіне жол ашу.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады.Ағылшын тілі сабағында компьютерді,электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
- диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
- грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
- оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
- пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа техналогияны пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы-Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа технологияларды енгізілуі де,келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты- оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті,қажетті жағдайда ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
arai.murzashkuzu@gmail.com
Жас келсе, іске дегендей еңбек жолын енді бастап жатса да алдына қойған мақсаттарын айқындап үлгерген маман екені байқалып тұр. Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, мақсатында күнделікті жұмыстар атқарып жатқанын көріп отырмыз. Елімізде қазіргі таңда мұғалімдердің көтерер жүгі салмақты екені баршаға аян. Шығармашылық та шаршамай еңбек ете беруіңе тілетеспіз.
Болашақ маман иелеріне өте құнды мәліметтер бар.Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыруға,жаңа технологиялармен жұмыс жасай алуға көмектеседі.
Қазіргі таңда ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып жасөспірімдерді білімдерін тереңдетіп қызығушылықтарын арттырып сәттілікке жетелейді. Қазіргі таңда мұғалім саласын дамытуға еңбек етуіне тілектеспін.
Айым Талгатбекқызы, жарайсыз! Шығармашылық табыстар тілеймін!
Айым Талгатбекқызы жарайсыз!Шығармашылық табыс тілеймін!Өте керемет!
Айым Талгатбекқызы жарайсыз!Жұмысыныз табысты,шәкірттеріңіз озық,білімді болсын!Биік белестерден көрініп,үлгілі ұстаз болуынызға тілектеспін!Керемет!
Оте кунды малиметтер,тусиникти ари пайдалы
Еңбек жолында алар асулар көп болсын!
Айым Талғатбекқызы сізге шығармашылық өркендеу жаңа табыстар тілеймін!Өте жақсы!Ақылды білімді шәкірттеріңіз көп болсын!
Жарайсын, осындай көзі ашық білімді жастарымыз дың көп болғаны қуантады . Еңбегің жана берсін
Керемет, мықты осындай мамандарымыз көп болсын. Айым Талғарқызы, өзіңіздей сабақта АКТ пайдаланатын, балалардың қызығушылығын түсінетін ұстаздардың барына қуанам.
Жарайсын! Иске сат! Жанашыл устаздын берери мол болсын!
Аллах алга койган максатына жеткизсин! Билиминин жемисин кор, жаксы тулектер билим алсын, максатына жет
Аим Талғатбековна,жарайсың.еңбегің жаңа берсін.Өте,керемет!!!
Сәттілік тілеймін
Керемет,тамаша
Жарайсыз, табысты болыңыз.
Жарайсыз, табысты болыңыз.
Тамаша,керемет мақала
Керемет қадамыңа сәттілік, шығармашылық жетістігің көп болсын. Іскер тәжірибелі ұстаз бол.
Өте жақсы орындалған мақала , мультимедиялық білім беру мақсаттары нақты айқындалған. Шығармашылық табыс тілеймін !
Айым Талғатқызы жарайсыз, сіз сияқты оқыған білімді жастар бар да саналы ұрпақ дами береді. Болашағын жарқын , жетістігін мол болсын.