Home » Мақалалар » Бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушылығын арттыру жолдары

Бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушылығын арттыру жолдары

Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімдері
Ақмырза Сапаркүл Жарылқапқызы.
Сугурбаева Индира Маратовна.

          
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназияның күзгі каникул жоспарына сәйкес, бастауыш сынып мұғалімдері: Сугурбаева Индира Маратовна, Ақмырза Сапаркүл Жарылқапқызы екеуі «Бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында коучинг өткізді. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушылығын арттыру жолдарын әдіс-тәсілдер арқылы көрсету, тәжірибе алмасу және жаңа тәсілдерді зерттеу.
Міндеттері: Оқушылардың білімге қызығушылығын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы арттыру, оқу дағдысын қалыптастыруда, логикалық ойлау қабілетін дамытуда өзара тәжірибе алмасу;
Әр сынып деңгейіне сәйкес әдістемелер мен әдістерді постер арқылы көрсету;
Ойын арқылы баланың білімге қызығушылығын арттыруды көрсету.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Асетовнаның жетекшілігімен өткізлген бұл коучингтың– басты мақсаты, бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушылығын арттыру.
Ол – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі екенін түсіндіру.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білімге қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Ол тәсілдер: Ойын арқылы оқыту. Ойын – оқушылардың назарын аударудың және білімді меңгерудің тиімді тәсілі.
       
Оқу процесіне ойын элементтерін енгізу арқылы балаларды қызықтырып, олардың назарын тақырыпқа аударуға болады. Мысалы, математика сабағында логикалық ойындар, сөздік қорын байыту үшін сөздік ойындар қолдану арқылы білімді қызықты түрде беруге болатыны жөнінде айтылды. Интерактивті әдістерді қолдану. Интерактивті әдістер, мысалы, диалогтік оқыту, жұппен және топтық жұмыстар, балалардың ойлау қабілетін дамытуға және өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай әдістер оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге, талқылауға, және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге көмектеседі. Жеке тәсіл. Әр баланың қабілеті мен қызығушылығы әр түрлі болғандықтан, жеке тәсіл арқылы олардың ерекшеліктерін ескеру маңызды. Бір оқушыға есептер шешу қызықты болса, басқасына сурет салу немесе тақырып бойынша қызықты мәтін оқу қызықты болуы мүмкін. Жеке тәсіл балалардың әрқайсысының қабілеттерін ашуға көмектеседі. Қызықты көрнекі құралдарды қолдану. Көрнекі құралдар балалардың көзбен көру арқылы материалды жақсырақ меңгеруіне мүмкіндік береді. Түсті суреттер, плакаттар, видеороликтер мен анимациялар баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, материалды жеңіл қабылдауына жағдай жасайды. Практикалық жұмыстар және тәжірибелер туралы да біраз ұсыныстар берілді. Практикалық жұмыстар балалардың теорияны тәжірибемен ұштастыруына көмектеседі. Мысалы, табиғаттану сабағында өсімдіктерді зерттеу, зертханалық жұмыстар арқылы білімін бекіту балалардың қызығушылығын арттырады. Оқушының жетістігін мадақтау. Оқушылардың еңбегі мен жетістігін мадақтау – олардың өз-өзіне сенімділігін арттырып, білім алуға деген ынтасын күшейтеді. Жетістіктерін мақтап, кішігірім сыйлықтар беру, құрмет көрсетіп мадақтау балаларды ынталандыратыны айтылды.
Бұл әдістерден бөлек, АКТ (Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) пайдалану, көркем әдебиетті пайдалану, ата-аналармен бірлесе жұмыс жасаудың балаға мотивация беру жолдарын үйрету қажеттігін, сабақтарды тақырыпқа сәйкес іс-шаралармен байланыстыру қажеттігін Индира Маратовна мен Сапаркүл Жарылқапқызы кең көлемде көрсетіп, осы жылдар аралығында пайдаланып жүрген әдістерімен бөлісті. Әр тәсіл практикалық жұмыспен түйінделіп отырды.
Осы әдістерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық белсенділігін дамытуға болатынын түсінген ұжымдастары іс-шараның қызықты, әрі танымдық пайдасы бар екенін айтып, тілектер тілеп, кері байланыс берді. Жас келсе іске демекші мектеп директоры Арай Серікқызының «бала білімінің көрсеткіші — жоғары сапа, оған тек тынбай еңбек нәтижесінде ғана қол жеткіземіз»-, деп коучингті жүргізген екі ұстазға, орынбасары Н.А.Ақылбековаға алғыс білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.