Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназиясының
әлеуметтік педагогтері
Абдрешова Гулмира. Бейсенбайқызы
Болекбаева Аяулы Сериковна
«Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының ерекшелігі»
31.10.2024 жылы №152 мектеп гимназиясында Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының ерекшілігі” тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Мақсаты: Білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагогтың әдістемелік шеберлігінің деңгейін арттыру. Семинарға қатысушылар өздеріне пайдалы ақпарат алып, тиімді тәжірибе жинақтады.
Семинарда өз тәжірибесімен бөліскен спикер: Абрешова Гулмира Бейсенбайқызы (№152 МГ әлеуметтік педагогі) мен Аяулым Серікқызы Бөлекбаева. Баяндама тақырыбы: «Мектептегі әлеуметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру және іс- қағаздарын жүргізу».
Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының ерекшелігі – бұл оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық жағдайын қолдау және олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу емес па?. Әлеуметтік педагог психологиялық, тәрбиелік және әлеуметтік қызметтерді үйлестіреді, оқушылардың жеке мәселелерін шешуге, қиын өмір жағдайларын жеңуге, қоғамдастықта дұрыс қарым-қатынас орнатуға қолдау көрсететінін аудандық жас мамандарға жеткізе отырып, Гүлмира Бейсенбайқызының қызметінің басты бағыттары төмендегідей бес негізгі бағытты құрайтынын атап өтті: 1. Әлеуметтік-психологиялық қолдау: Әлеуметтік педагог оқушылардың психологиялық денсаулығын қадағалап, оларға эмоционалдық қолдау көрсетеді. Мектептегі буллинг, жанжалдар, отбасылық қиындықтар секілді мәселелерде кеңес беріп, психологиялық қызметпен тығыз байланыста жұмыс істейді. 2. Құқықтық және әлеуметтік қорғау: Әлеуметтік педагог оқушылардың құқықтарын қорғап, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады. Сонымен қатар, арнайы қолдауды қажет ететін балаларға әлеуметтік көмектерді ұйымдастырады. 3. Ата-аналармен жұмыс: Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста болып, олардың бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондай-ақ ата-аналарға қажетті кеңестер беріп, бала тәрбиесінің тиімді әдістерін түсіндіреді. 4. Әлеуметтік ортаға бейімделу: Оқушыларды мектеп, қоғам және отбасылық ортада өз орнын табуға үйретеді. Әлеуметтік педагог баланың өзін-өзі танып, сенімді болуына, жаңа ортаға бейімделуіне көмектеседі. 5. Тәрбие жұмыстары: Әлеуметтік педагог әр түрлі әлеуметтік жобалар мен тренингтер ұйымдастырып, оқушылардың өз-өзін дамытуына, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруына ықпал етеді. Және тағы бір атап өтерлік жұмыс, 6. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар мен мүгедектігі бар оқышылардың жалпы ортаға, ұжымға бейімделуінің жағдайларын да тікелей бақылауда ұстауы екенін атап көрсетті. Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы өте көп қырлы және балалардың жалпы дамуына, әлеуметтік өмірге сәтті бейімделуіне бағытталғаны белгілі. Әлеуметтік осал топтан шыққан отбасы балаларының қабағының ашық, мұқтаждығын, керекті оқу құрал-жабдықтарымен қамтамассыз ету, «Мектепке жол» акциясының да оқу жылының басталуында жасап жатқан жұмыстары туралы да көпшілік ортаға ұсынып өтті. Сынып жетекшінің негізгі міндеті оқушының өмір қауіпсіздігі, оқу сапасының жай-күйі болса, осы жердегі ата-ананың мектеппен байланысы, тікелей әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып жұмыс жасауды талап ететіні айтылды. Мектеп медбикесі, оқу-тәрбие ісі орынбасарлары, қосымша білім беру педагогы, психологтар, мсектеп инспекторымен атқарылған іс-шаралар туралы да жоспар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтылды. Семинар өте қызықты өтті, аудандық жас мамандар біраз мәліметтер алып қайтты деген ойдамыз.