Калдыбекова Сауле Ускенбаевна
Астана қаласы
«Арт-терапия басым бағыттағы
№45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
мектепалды«Көңіл ашар» тобының
тәрбиешісі.
«Қарты бар үйдің –қазынасы бар»
Мақсаты: Балаларға 1-қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарымызды құрметтеп, сыйлауға үйрету. Балаларға үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпымызды сақтай білуге тәрбиелеу. .
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелесу ,сұрақ-жауап, тақпақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар, ән айтқызу, жапсыру жұмыстарын орындау.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер. Отбасындағы ата-әжелерімен суреттер.
Тәрбиеші:
— Балалар, бүгін бізге ата-әжелеріміз қонаққа келді. Келген қонақтармен амандасайық. (Балалар келген қонақтармен амандасады)
—Балалар, шаттық шеңберіне тұрайықшы.
Шаттық шеңбері:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Тәрбиеші:
-Балалар, көңіл – күйлерің қандай?
— Тамаша
Жарайсыңдар, балалар.
Балалар,бүгін қандай күн?
— Қарттар күні .
Тәрбиеші:
Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға — апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Балалар қартарымыз туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?
Алима
Ата- бәйтерек
Бала-жапырақ
Инабат
Ағадан-ақыл
Атадан нақыл
Зере
Жасыңда жалықпасаң
Қартайғанда тарықпайсың
Тәрбиеші:
Бүгінгі мереке сендерді еркелетіп жүретін аталарың мен әжелеріңе қарттарымызға арналған. Сондықтан балалар мына тақтадағы суретке қарап, отбасындағы ата- әжелеріміз туралы әңгіме айтайықшы кәне.
Сурет: «Менің отбасым»
(тақтаға отбасы мүшелерінің суреті ілінеді)
Балалар әңгіме құрастырады.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар балалар, ендеше қазір ойынмен жалғастырайық.
Ойын: «Тақия тастамақ»
Шарты: Тақия киген бала, бата береді немесе қарттар туралы тақпақ айтады.
Тәрбиеші:
Тасысын шалқып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Мерекеңмен құттықтап,
Ән саламыз бәріміз
«Әжетайым»-әнін тарту етеміз.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар балалар, келесі ұйымдастырылған іс-әрекетті жапсыру жұмыстарымен жалғастырайық. Ақ қағазға бәйтерек ағашы бейнеленген, бәйтеректің бұталарына, отбасы мүшелерінің суреттерін жапсырамыз. Отбастарыңда атамыз жайқалып бір өскен бәйтерек, балалары жапырағы. Жоғарысына ата-әжемізді жапсырып, әрі қарай жас шамасына, отбасында алатын орнына байланысты суреттерді орналастырамыз. (Балалар жапсыру жұмыстарын орындайды)
Қорытынды.
Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Біз не үйрендік?
Үлкендерді сыйлауды
Біз кімдер туралы әңгімелестік?
Біз ата-әжелеріміз, үлкен адамдар туралы әңгіме айттық.
Көңіл – күйіміз қандай? Тамаша!
Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Гүл береді)
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар. (Смайлик береді)
Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!