Home » Жаңалықтар » Жақсылық жасап жарысайық

Жақсылық жасап жарысайық


Телтай Аружан Ержанқызы
Алматы қаласы  Алатау ауданы
№156 жалпы білім беретін мектеп
әлеуметтік педагог

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету – басты міндет.
Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында Алматы қаласы Білім басқармасы Алатау аудандық Білім бөліміне қарасты №156 жалпы білім беретін мектепте белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024-2025 оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық және қаржылай көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының өтініші негізінде оқушыларға көмек көрсетілуде. Демеушілерді тарту мақсатында әртүрлі бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жіберіліп, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
               
Акция аясында “Сәби” қайырымдылық қоры 16 балаға 30 мың теңгеден мектеп формасы мен құралдарын алуға есеп шоттарына қаржы аударды. “Білім – Қазына” қоғамдық қоры 5 балаға 50 мың теңгеден қаражат табыстады. Сонымен қатар өзге де демеушілердің қолдауымен мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды.
         
«Мектепке жол» Республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарына және акцияға үлес қосып, демеуші болам деген тұлғаларға мектеп әкімшілігіне жолығуларын өтінеміз.
Жақсылық жасау күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау — бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп, қол ұшын созған әрбір демеушілерге тағы да шексіз алғыс білдіреміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.