Home » Жаңалықтар » Қазақстан-Сингапур: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстан-Сингапур: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ҚазақстанСингапур: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – заманауи, жаңашыл, креативті ұстаздар қауымының ақпарат тасқыны мен ғаламдану күшіне төтеп бере алатын, үш тілді терең меңгерген, отансүйгіш, рухы биік жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы үлкен сенімі. Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі. Ал осы шәкірт бойында оянған білім құштарлығы тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны — осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Сонда ғана осы білім шырағы лаулаған жалынға айналары сөзсіз.

Еліміздің білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейге көтерілуі, білім саласындағы жеткен жетістіктеріміз бен қазақ ғылымындағы тың жаңалықтар – ұстаздарымыз бен ғалымдарымыздың, білім, ғылым саласы мамандарының нәтижелі еңбегі. Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр. Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сонымен, еліміздің оқу жүйесін Сингапурдағы білім беру жүйесімен салыстырсақ, екі елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Сабақтарын бақылайтын болсақ, қарым-қатынас, жеке тұлғаны қалыптастыратын жұмысты байқауға болады. Ағылшын тілін жаппай меңгеруге біртіндеп көшуде. Сондықтан, білім саласына оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық қарым-қатынас құзіреттілік желілерге шығу керек.

Сингапурдың білім беру жүйесі – әлемдегі ең озық үлгінің бірі екеніне көзім жетті. Оқи отырып – қызмет, қызмет арқылы – оқу. Демек, бұл миссияны алудағы басты миссиясы – адами құндылықтар. Біз тағылымдамадан өту барысында «Алматы мектептері»  жобасы аясында жоғары адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, өз елінің мәдениетін бағалай білетін және өзгелердің мәдениетін құрметтейтін, өмір бойы білім ала отырып, әлемді өркендетуге үлес қосуға дайын, зияткер, шығармашыл, табысты тұлғаны тәрбиелеу үшін жағдай жасалған «INVECTUS” халықаралық мектебімен таныстық. Ұлттық университеттің бірінші курсына түскен, педагог мамандығын таңдаған мамандар алдымен практикадан өтеді. Ең маңыздысы – педагогтың жалпы психологиялық және эмоционалды дайын болуы. Негізгі мақсаты – ақпараттық технологияларды қолданып білім беру жүйесіне жаңалық енгізу. Әр оқушының пікірін біліп, идеясын іске асыру. Кәсіби қүзіреттілікті арттыру, біліктілікті арттырудың нысандары, білім беру контекстерін білу, көпсалалы бағыттар, іздеу және зерттеу дағдылары, педагогикалық шеберлік, оқушыларды терең түсіну сияқты құндылықтардың “КӘСІБИ ДАМУДА” маңыздылығы жоғары екені талданды. Canberra Primary School оқу процесіне ойын технологияларын енгізумен айналысады. Ел болашағы үшін салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, оларға сапалы білім беру үшін білікті ұстаз қажет екені белгілі. Бұл ретте Сингапурдегі мектептер жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Сингапурда математикаға өте қатты мән береді. Тіпті, мемлекеттік деңгейде бақыланып отыратын сабақтардың бірі. Егер сыныпта 20 оқушының біреуі тапсырманы дұрыс орындай алмаса — мұғалім келесі тақырыпқа көшпейді. Яғни, бүкіл сынып дәрісті толық меңгермейінше бір тақырып қайталанып оқытыла береді. Әр деңгей сабақ кестесіне қалыптасқан пәндермен қатар қабілеттердің дамуына бағытталған арнайы пәндерді кірістірілуімен жасалған. Сонымен қатар, оқушылардың қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, шығармашылығын шыңдау мақсатында арнайы спорттық кешендер мен әртүрлі бағыттағы үйірмелер жұмыс жасауда. Яғни, баланың болашағы үшін барлық жағдай қарастырылған.

Әлемдік білім беру жүйесінде көш бастап тұрған Сингапур мемлекетінің озық тәжірибесімен танысып, кәсіби өсуге, білім-біліктілігімізді арттыруға мүмкіндік берген Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Білім басқармасына зор алғыс білдіреміз. Бір күні екінші күніне ұқсамайтын, елінің кемесін алға сүйрейтін елде дәріс алып, дамыған елден тәжірибе жинағаныма қуаныштымын! Егемен еліміздің жетістігі- жастардың белсенділігі мен білімділігіне байланысты. Ал білімді де білікті мамандарды тәрбиелеп, біліммен қаруландыру — ұстаздарға жүктелген міндет деп түсінген абзал!

       

 

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 108 жалпы білім беретін мектеп директоры
Әлдіғазы Руфинат Бекдайырқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.