Қарқаралы аудандық сотының төрағасы Қанат Шайқамалов Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Қарқаралы қаласының мекеме және бөлім қызметкерлерімен, педагогтар және оқушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу өткізді.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға заңгерлер, мектеп, кітапхана, Жастар орталығының өкілдері, медиаторлар мен билер кеңесінің мүшелері, оқу озаттары мен қала мектептерінің белсенділері қатысты.
Конституция күнін атап өтудің маңыздылығын айта келе, сот төрағасы республика соттары үшін бұл ерекше мереке екенін атап өтті, себебі, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар заңдылықты сақтайды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Салтанатты шарада билер кеңесінің төрағасы Саят Оспанов, заңгер, адвокат, билер кеңесінің мүшесі Зәуре Арынова, ақсақал Ақан Жақсылықов сөз сөйледі. Олардың барлығы өткізіліп отырған іс-шараның өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде маңыздылығын атап өтті. Қанат Шайкамалов оқу озаттарына, мектеп және ауыл шаруашылық колледжінің белсенділеріне, сондай-ақ өздерінің кәсіби білімдері мен еңбек қызметінде дағдыларымен көзге түскен қала заңгерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Алғыс хаттармен аудандық білім беру бөлімінің заңгері Ардақ Ақынов, аудан әкімдігінің заңгері Қайырбек Түсіпов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі Гүлім Алтайбаева, Ауыл шаруашылығы колледжінің 2 курс студенті Дархан Әбілқасым және Ақнұр Мұратбекқызы, жоғары сынып оқушылары Ардан Жүнісқали, Айдар Биғазиев және тағы басқалар марапатталды.
Аудандық сот төрағасы Қанат Шайқамалов салтанатты жиынға жиылған қатысушыларға оқу және жұмыста табыс тіледі.
Қарқаралы аудандық сотының
баспасөз қызметінің бас маманы Ж.Абдрахманова