Home » Мақалалар » «Геодезия» — замануи және де өте көне мамандықтың бірі

«Геодезия» — замануи және де өте көне мамандықтың бірі

Омиржанова Жанат Токтарбаевна,
техника ғылымдарының кандидаты,
ассоцирленген профессор,
Халықаралық білім беру корпорациясы
omirzhanova@inbox.ru

Үйлер, коттедждер, виллалар, тұрғын үй кешендері, жолдар мен өндірістік орындар сияқты, салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың күрделілігі жылдан жылға өсуде, сондықтан  құрылысты жүргізу дәлдігіне, оның элементтерінің орналасу жағдайына қойылатын талаптар да жоғарылайды, сәйкесінше осы объектілерді геодезиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар да өседі. Кез келген құрылыста инженерлік-геодезиялық өлшеулердің орны ерекше. Олар құрылыс басталғанға дейін біршама уақыт бұрын: инженерлік-геодезиялық ізденістендіру, құрылыстың жобаларын сызу кезінде басталады және бүкіл құрылыс кезеңінде құрылыс-монтаж жұмыстары технологиясының ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар, салу жұмыстарының сапасын тексергенде бірге жүреді және пайдалану кезеңінде геодезиялық бақылау ары қарай жалғасып, ғимараттар мен құрылыстардың деформациясы анықталып отырады. Сондықтан геодезиялық жұмыстарды жүргізудің дәлдігі түбегейлі, олар салынған ғимараттар мен құрылыстардың сапасы мен сенімділік деңгейін анықтайды.
Ғылыми-техникалық прогресстің және құрылыстың техникалық деңгейінің өсуімен инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізудің әдістері мен құрылғылары да жетілдірілді. Егер, осыған дейін, геодезиялық аспаптардың дамуы негізінен 19 ғасырдың соңында жасалған физикалық принциптерге негізделген, дәстүрлі технологияны жетілдіру жолымен жүрсе, соңғы жылдары  21 ғасыр символына айналған микроэлектрониканың дамуы арқасында геодезиялық құралдар мен әдістердің жаңа дәуірі басталды.
Замануи геодезиялық құрылғы — бұл электроника, дәл механика, оптика, материалтану және басқа ғылымдардың соңғы жетістіктерін біріктіретін жоғары технологиялық өнім. Қазіргі уақытта әртүрлі маркалы өндірушілердің электрондық тахеометрлері, лазерлік және сандық, автомат нивелирлері, GPS қабылдағыштары т.б. аспатары кеңінен қолданылады. Алынған нәтижелер бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып компьютерлерде өңделеді.
Геодезия мен картография ссаласының болашақ маманы геодезиялық жұмыстарды өндірудің теориялық аспектілерін біліп қана қоймай, сонымен қатар заманауи геодезиялық аспаптармен жұмыс жасау дағдыларына ие болуы тиіс.
Бүгінгі таңда Халықаралық білім беру корпорациясы геодезия және картография мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлері бойынша маман дайындайды ол 1987 жылдан басталған.
Оқу орны жоғары жылдамдықты компьютерлер, ГАЖ бағдарламалары, плоттер, принтерлер және басқа да перифериялық жабдықтармен қамтылған мамандандырылған арнайы кабинеттермен және замануи геодезиялық аспаптар: электрондық тахеометр, GPS-қабылдағыштармен толықтай жабдықталған.
Осы жылдар ішінде осы мамандықтар бойынша мыңға жуық түлек білім алған, олар қазіргі уақытта РМҚК, «Қазгеодезия», РМК «Қазгеокарта», РМК «Запгеодезия», РМҚК «НКГФ», РМҚП «МАШАГИ», «ГосНПЦЗем», жауапкешілігі шектеулі серіктестіктерде, «ҚалалықСәулет», жол салу және басқа да мұнай және құрылыс компанияларында жұмыс атқаруда. Өткен жылғы түлектердің 83% -ы геодезист, картограф ретінде жұмыс істейді.
Біздің студенттер геодезиялық жұмыстарды жүргізу технологиясын (өлшеу әдістері, есептеулер, карталар, пландар), құрылыс жұмыстарының технологиясын, геодезиялық құрылғыларды пайдалану және күйге келтіру принциптерін, құрылыс және геодезиялық жұмыстарға арналған нормативтік құжаттарды біледі. Олар геодезиялық аспаптар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының көмегімен өлшеулер жүргізу, геодезиялық есептеулер жүргізу, құрылыс жұмыстарына бақылау жасау, карта сызу, жер бетін картаға түсіру, қашықтан зондау материалдарын, аэро және ғарыштық суреттерді өңдеу, геоақпараттық жүйелер құрастуру сияқты жұмыстарды жүргізуге дағдыланған.
Жоғары оқу орнының өндірістік ұжымдармен жасалған келісімшарттары бойынша студенттердің практикадан өтуі теориялық білімдерінің практикалық компонентпен тығыз байланысын жүзеге асыруға, геодезия немесе картография саласындағы болашақ мамандандыру туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Оқытуда айтарлықтай тәжірибесі бар және, ең бастысы, мамандық бойынша практикалық жұмыс атқарған, білікті оқытушылар құрамы геодезиялық ғылымның классикалық және жаңа салаларында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Атамекен кәсіпкерлер палатасы биыл жариялаған сұранысқа ие 100 мамандықтардың арасында геодезия, картография мамандықтары  бар. Осылайша, қазіргі әлемде геодезия өз маңыздылығын жоғалтпаған, керісінше, техника мен технологияның дамуымен қарқынды дамып келе жатқан білім салаларының біріне айналды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.