Home » Айтарым бар » Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздігіміздің тұмары

Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздігіміздің тұмары

Алматы қаласы Алатау ауданы
КМҚК № 37 бөбекжай балабақша
меңгерушісі
Алимбекова Айнур Батырбековна

Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздігіміздің тұмары

Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты №37 бөбекжай балабақшасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекетіміздің туы, елдігімізді айқындап көрсететін Елтаңбамыз және Әнұранымыз мемлекеттік рәміздер болып табылады. № 37 балабақша ұжымы еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздерімізді бүлдіршіндерге танытып, құрметтеуді үйрету мақсатында жыл сайын аса мағыналы іс-шара өткізіп, балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеп келеді. Сол дәстүр биыл да жалғасын тауып, балабақша бүлдіршіндері сахна төріне шығып, айтулы мерекеге орай жаттаған өздерінің тақпақтарын айтып, әндерін шырқады.

— Әр тәрбиеленуші өз Мемлекетінің рәміздерін білуі тиіс, патриоттық сезім басым болса деймін. Кішкентай жүректері қазақ деп соқса деген ниетте айтулы мейрамды жылда аса үлкен дайындықпен өткізіп келеміз. Балабақша — тәрбиенің, білімнің бастау бұлағы. Балабақша табалдырығын аттаған әр бүлдіршін ең алғаш осы жерден білім нәрінен сусындайды десем артық айтпаспын. Тәрбиешілеріміз әр мерекеде жанын салып, оларды жан-жақты дайындайды. Бүгін де әр бала өзіне жүктелген міндетті орындап, мереке жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекеден мерекеге жете берейік, Мемлекеттік Рәміздер күні құтты болсын! Барымызды қастерлей білейік!” — деді балабақша меңгерушісі Алимбекова Айнұр Батырбекқызы.
    
Балалар мемлекеттік рәміздерде не бейнеленгенін сипаттап, мән-мағынасын түсіндіріп берді. Әуелетіп Әнұран да шырқалды. Жүрек тұсына қолын қойып тұрып әнұранды орындаған балалар өзін еркін ұстады. Себебі олар Әнұранды тек айтулы күндерде ғана емес, күнделікті орындайды. Іс -шара соңында Астана қаласы бүлдіршіндерінің челенджін Алматы қаласы балақайлары қабылдап алды. Осылайша балабақшадағы мерекелік концерт қызықты да әсерлі өтті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.