Home » Айтарым бар » Біз бақытты баламыз

Біз бақытты баламыз

Алматы қаласы Алмалы ауданы
№182 бөбекжай-балабақшасында
1-маусым — Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шара өтті.

Іс-шараның шымылдығын балабақша меңгерушісі Оразова Галина Хитманова ашты.

Бұл мереке — балалардың асыға күтетін мерекесі екені анық. Іс-шара басталар алдында бөбекжайда әуезді әуендер ойнап, балалардың ерекше көңіл-күйі сезіліп тұрды. Мерекелік шара барысында балалар бар өнерлерін ортаға салды. Би биледі, ән айтты, сонымен қатар флешмоб ұйымдастырылып мерекенің көркін кіргізе түсті. Қонақ ретінде аниматор келіп, бүлдіршіндермен би билеп, түрлі ойын ойнады. Балаларға балабақша тарапынан жемістер мен сусындар таратылды. Бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Сәбилердің көңіл қуанышын қандай әсем сөздермен өрнектесек те жеткізе алмасымыз анық.

Балабақша меңгерушісі Галина Хитманова: «Сендерді 1 маусым — Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Әр уақытта аспандарың ашық, дендерің сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспін. Біз сендермен мақтанатындай дарынды, дана тұлға болып қалыптасыңдар», — деді.

     
«Бақыт деген – менің бала күндерім» деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, балалық әркімнің жадында қызықтармен, шат — шадыман ойын, риясыз күлкімен есте қалады. Ойын баласы үшін ойынынан артық қызық жоқ.

    


«Балалар әлемінің теңізіне» бойлаған, мамандықтарына деген махаббаттары басқаша №182 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі мен ұжымына толағай табыстар тілейміз.
Сондай-ақ барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!

«BILIM AINASY»,

Ақерке Аманқызы,

Алматы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.