Home » Мақалалар »    БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ

   БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ

Қызылорда қаласы
№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейі
Сейтпенбетова Бахыт Адильбековна
Бастауыш сынып мұғалімі.

          «Отан – отбасынан басталады», — дейді дана халқымыз. Баланың отбасындағы тәрбиесі өз алдына, ұстаздары мен ортасынан алар тәлімі өзгеше. Үш тараптың да мақсаты бір. Әрбір ұстаз өз сыныбындағы шәкірттерінің жанарындағы ұшқынды байқауға міндетті. Олар бағыт көрсетіп, баланың болашағына оң әсерін тигізетін білім нәрімен сусындату.
Жастар біздің болашағымыз, бүгінгі балалар ертең жастар болып шыға келеді. Үйдің іргетасы қалай қаланса, қабырғасы да соған ұқсас болады. Ұстаздар білімнен бөлек, бала бойына жақсы қасиеттерге дартыру керек. Баланы қай жастан бастап еңбекке баулу қажет?
Зерттеулер нәтижесінде мамандарымыз «баланы ерте жастан бастап еңбекке баулып үйрету қажет»- дейді. Балада бос уақыт көп болмауы қажеттігін айтады. Ондай жағдай болса, бала зиянды дүниелермен айналысып кетеді деп көрсетеді. Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттеріне баланың тұлғасын еңбекке тәрбиелеу және олардың еңбек іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін түсіндіруге баланы үйрету қажет. «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті», — дейді қазақта. Жалқаулыққа салынып, ертеңмен күнімізді өтсізсек, балаларымызға оның мәнін түсіндіре алмасақ болашағымыз бұлыңғыр болады.
Шығыс ғалымдары мынадай пікір айтқан:
Егер де балаңызды тәрбиелеу үшін, бала бойыңа біткеннен баста. Өсе келе онымен санасуды үйрен. Отансүйгіштікке, адамгершілікке және адами қасиеттердің барлығын үйретуге тырыс. Оны ұстаз алдына барамын дегенше, өзің жөн көрсете біл. Оны әрі қарай дамытып, биіктерді бағындырғанын көресіз.
Адамды адам еткен еңбек. Осы фәниде келген адам еңбекпен тығыз байланысты. Шыр етіп өмірге келгеннен бастап, ана сүтін емудің өзі еңбек болып саналады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия, алып күш. Адамдар еңбек ету арқылы, қажымас қайраттың арқасында өзінің өмірдегі түрлі белестерін жетеді. Балалардың еңбегі айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көрінбейтін, өзіміз мән бермейтін, жұмыстарда жатыр.
Ұлы педагог А.С.Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орынында да сондай болады. Сондықтан баланы ойын кезінде қадағалап, еңбекқор адамның бейнесін сомдағаныны қадағалаңыз.
Қорыта айтқанда, бала – өмірдің мәні. Оның тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Баланың болашағы бұлыңғыр болмағанын қаласақ, адамгершілікке үйретейік.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.