Home » Мақалалар » ҰБТке оқушыны дайындаудағы психологиялық қызметтің маңызды тұстары.  

ҰБТке оқушыны дайындаудағы психологиялық қызметтің маңызды тұстары.  

Есенова Бибихатша Кеншимбаевна
А. Қарсақбаев атындағы
№41ЖББМ психологі


     Оқушыларды  ұлттық біріңғай тестке дайындауда қандай көмектер маңызды екенін түсіну психологтан өз жұмысын кешенді құруды талап етеді.  Оқу материалын орта бағамен бітіріп отырған оқушы тест кезінде  қалай  жоғары балға ие бола алуамын?, деген ой жыл соңына қарай қатты күйзеліске түсіретіні анық. Бұл әрине оқушының мақсатына жетуіне кеш кезең болып табылады. Сондықтан да оқушыны  ҰБТ ге психологиялық тұрғыдан дайындау кезеңі 10- сыныптың  екінші тоқсанынан басталуы қажет. Осы кезеңдерде психолог  оқушылармен қандай тиімді жұмыстар жүргізе алатынына тоқталайық:
«Әдет пен дағдыны реттеу»;
     Ең бірінші жұмыс  оқушыларда теске дайындық жасау дағдыларын қалыптастыру маңызды. Бұл жұмыста  «Ақылды әдістер» топтамасын жасап алған дұрыс. Оқушылардан әр күні он минуттық  жаттау жұмысын жасап көруге жаттықтыру қажет. Яғни эйдетикалық жадыны жақсартуға баулу жұмысын жасату. Бұл оқушы көргенін жадыда ұзақ сақтай алуын жетілдіреді.
«Зейін мен зердені ояту»;
     Екіншіден оқушыларды зейінді тұрақтау, зейін көлемін арттыру жаттығуларын  үздіксіз жасату қажет. Әрі осы бағыттағы түрлі тапсырмаларды жеке, топтық, жұптық жұмыстармен дамытып отыру маңызды.
«Жадымен жұмыс»;
     Естігенін жадыда сақтау бойынша түрлі жарыстық тапсырмалар арқылы оқушылардың ретингін жасау арқылы, олардың тұрақты естігенін ойда түйіндей алу дағдысымен жұмыс жасалуы қажет.
«Уақытпен жұмыс жасау»;
     Жыл соңында оныншы сынып оқушыларын уақытпен жұмыс жасау  яғни ойлау жылдамдығын шыңдау жұмыстары жүргізілгені маңызды. Мұнда, оқушы мақсатты түрде ойды ширатуға төселе түседі. Бұл жаттығуларды түрлі пәндер мен логикалық шытырман тапсырмалармен, КВЕС тапсырмалармен жандандырып тренингтерді кешенді жүргізсе оқушы 11- сыныпқа өзінің мақсат еткен мамандығына қол жеткізу үшін біршама есейіп, толыққанды шешіммен келеді.      Жоғарыдағы жұмыстар 10- сыныпта толықтай жасалынған жағдайда мектеп психологы әрбір оқушыны толықтай тани түседі. Сонымен қатар психолог  оқушының күшті және әлсіз тұстары, мінезі, қабілеті, бейіміне қатысты  нақты кеңестер мен нұсқауларды  ата- аналар мен мұғалімдерге сенімді түрде ұсына алады.
«СМАРТ- әдіс» бойынша 11- сынып оқушысын тестке дайындаудың психологиялық жоспары:

  • Сауаттандыру сағатын жүргізуде: оқушыға дұрыс ояну, ынтаны ояту тәсілдерін, жалқаулықты жеңу, жаман әдеттен арылудың нақты тәсіілдерін тренингтермен, бейне роликтермен көрсете отырып, нақты тапсырмалар орындату арқылы жүргізу;
  • Өзіңді толық тануда: бұл жаста оқушы «Мен кім бола аламын?», «Мен қандаймын?», «Мүмкіншілігім неде?» т.б сауалдарға жауап іздеу кезеңінде болады. Сондықтан, шұғыл тестер алу, проективті тестерді алып өзін-өзі анализдеуге тарту арқылы, оқушының өзіне деген сенімін арттыру маңызды.
  • Оқу әрекеті психологиялық тренингте: нақты сабақтар тақырыптары бойынша салыстыру, ұқсату, жобалау, тірек сигналдармен жаттау, тізбектей жалғастыру, ойыңды бес сөзбен тиянақтау, т.б тәсілдер арқылы тест тапсырмаларын жасауды топта ұйымдастыру, нәтижелі дайындық кепілі бола алады.
  • Кері қасиеттерден арылуда: оқу тоқсанының үшінші кезеңінде, оқушыларды топтарға бөліп жұмыс жасау қолға алынуы қажет. Ол топтар: зейіні нашарлар, мазасыздығы жоғарылар, я болмаса үрейленуі (фобия) басымдар, мотивациясы төмендер, ойлау жылдамдығы төменгі көрсеткіштегі оқушылар т.б болып бөліп алуға болады. Енді әр топ бойынша оқушылармен жекелей, топтық профилактикалар жүргізіледі.
    Әр оқушының кедергілеріне жеке келу олардың өзін өзі реттеуіне жылдам әкеледі, әрі  өзіне қолдау көрсететін адамның болуы олардың  алға батыл қадам басуына мүмкіндік туындата түседі.
    Төртінші тоқсан кезеңінде оқушыларды нақты тест тапсырмалары алдында өзін қалыпты сақтау, үрейден арылу, тынысты реттеу арқылы мазасыздықтан арылу, уақытқа сәйкес тапсырма орындау, кедергілерін нақты көре алу сияқты жаттығулармен дайындау қажет.
    Ал, нақты тест тапсыру жақындаған кезде  тест орындаудағы ойдың , мидың жұмыс жасау ерекшелігін, қорқудың ішкі сигналдарды4 тежелуін туындататындығын, тапсырмаларға зейінді аудару сатыларымен толық таныстырып өткен жөн.
    Оқушы өзіне сенімді болып барған кезінде, толықтай нәтижеге қол жеткізе алады. Ал, сенім  оқушының  өзін- өзі дұрыс бағалай алуымен тікелей байланысты.  ҰБТ- ке шәкірттеріміздің батылданып кіруі үшін жұмыс жасайық. Себебі, адам психикасы әлі де терең зерттеле қоймаған құпияға толы әлем.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.