Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де, өзінің тиімділігін дәлелдеуде…

Қашықтықтан оқыту мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де, өзінің тиімділігін дәлелдеуде…

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.

Əлемде, елімізде болып жатқан жағдай кімге болса да, оңай тиіп жатпағаны белгілі. Осы жағдайға қарамастан білім беру үдерісі қашықтан жүзеге асырылуда.  Әрине,  бұл  жайт  аяқ асты болғандықтан, оқушылар,мұғалімдер мен ата-аналар үшін түрлі күдік тудырғаны рас. Көптің көкейінде сауал көп еді «қалай болар екен?» деген түрлі қобалжулар, қорқыныш, сенімсіздік  белең алғанын жасырмаймыз. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасауды жөн көрдім.  Дайындықты арттырып, ізденіп,еңбектендім.

Білім беру үдерісінің мазмұнды да тиімді болуы үшін «Еларна», «Балапан» телеарналарынан ұйымдастырылған сабақтар, білім беру платформалары, барлығы да оқушы мен мұғалімге жасалып жатқан қолдау деп білеміз.Білім беруді тоқтатпай, ұстаздарға үлкен сенім артқан министріміз Асхат Аймағанбетовтың еңбегінде атап айтқым келеді. Сынып жетекшілер оқушыларына арнайы чаттар ашып, оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату арқылы сабаққа түгел қатысуын қамтамасыз етуде. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, жауапкершілікпен тапсырмаларды орындауы бізді де қуантады. Демек нәтиже қуантарлық! Оқушыларымыз мұғалімдеріне, мектепке деген сағыныштарын түрлі әлеуметтік желі   арқылы   жолдаулары көңілімізге қуаныш сыйлайды. Иманжүзді, ибалы, білімді ұрпақ тәрбиелегенімізге қуанып та, сүйініп те қоямыз. «Бұлыңғыр күннің артынан, бұлтты түре күн шығар» деген пендеміз ғой. Бұл күндер де артта қалар!

Алматы  қаласы   Жетісу  ауданына қарасты №108 мектеп директоры  Әлдіғазы Р.Б  және  мұғалімдер  мен мектеп психологы ата-аналарға жан-жақты қолдау көрсетіп, оқушыларын мазмұнды біліммен сусындатуда. Осы сәтті пайдаланып,барша ұстаздарға алғыс білдіремін.Ертеңгі жақсы күннен үмітімізді үзбейік!Бүгінгі ел басына туған қиындықты бәріміз бірге еңсереміз.Біз біргеміз!

Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Егиншиева С.Н

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.