Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені
«Өнер» бөлімінің домра-прима класының мұғалімі
Кабдрахманова Аяулы Нұрлығайынқызы
2020 жылдың 16 –наурыздан бастап ҚР төтенше жағдайына байланысты Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің «Өнер» бөлімі оқытушылары да, оқушыларымен бірге қашықтықтан білім алу жүйесіне көшіп, аспаптарды ойнауға үйретіп жатырмыз.
Қашықтан оқыту технологиясы – оқушыларды өз бетінше аспапқа дайындалуы мен олардың біліктілігін арттыру бағытындағы осы заманның тиімді жүйесі болып табылады. Осының дәлелі ретінде қазіргі таңда біздің өнер адамдары , сонымен қатар барлық кішкентай бүлдіршіннен бастап, үлкен қарияларымызға дейін өз өнерлерін әртүрлі видео роликтер арқылы жолдауынан байқауға болады. Біздің мектеп оқушылары да карантин уақытын тиімді пайдаланып шығармашылықпен айналысудамыз.
Қашықтықтан оқыту кезінде әрине қиындықтар кездесуде, сол нәрселерге қарамастан оқушыларымыз белсенділік танытып, осы кезге дейін алған бар өнерлерін ортаға салып, эстетикалық талғаммен, ізденіспен жан-жақты белсенділік танытуда.
Қашықтықта оқыту барысында, оқушыға аспапты үйрету кезінде біз «Whats App», « Zoom», скайп жүйелерін пайдаланып білім берудеміз. Қашықтықтан оқыту барысында оқушыларымыздың қаншалықты өз беттерінше еркін жұмыс жасай алатындықтарын байқап, қуанып та қалдық. Әртүрі болып жатырған онлайн байқауларға өздері видео роликтер түсіріп қатысып өз бақтарын сынап, инстаграмм, Facebook, YouTube желілеріне жарияланды.
«Кеше мен бүгін – біздің амалдарымыз, болашақ –біздің мақсатымыз» яғни бүгінгі оқушыларымыз берілген тапсырманы өз күшімен орындауға үйренуі, ұстаздарымызды өзін-өзі жетілдіруге талпындырып отыр.
Н.Ә.Назарбаевтің: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек»,- деп жиі ескертетін жолдары бүгінгі таңда соның дәлелі боп отыр деп ойлаймын.