Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Нуржанова Гулнар Тажиковна
Өткенімізге үңіліп, тариққа көз жүгіртер болсақ халқымыздың талай қиын қыстау кездерді басынан өткізіп, өмірдің түрлі соқпағынан мүжілмей алға қарай адым баса білген қайтпас мықты ұлт екеніне көзіміз анық жетеді. Бүгінгі таңда он сегіз мың ғаламда шарпыған атын айтуға ауыз да бармайтын індет кім – кімді болмасын бейқам қалдыра қоймады. Еліміздің қай саласына да болсын бұл короновирус індетінің өз кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.Алайда қай мәселенің де оң жағын қарап, дұрыс шешім қабылдай білген адам тығырықтан еш зиянсыз шығатыны белгілі. Сол сияқты біздің елімізде бұл індеттің білім беру жүйесіне ешқандай кедергі келтірмеуіне барлығын жасады.
Біздің елімізде осы індеттің алдын алу үшін төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, барлық өңірде мектеп өз жұмысын жылдағыдан ертерек тоқтатып, мектеп оқушылары білімдерін үйде отырып, қазіргі заман талабына сай қашықтан жалғастарды. Бұл біздің мұғалімдер мен оқушыларға жаңа бір сынақ, тіпті үлкен мүмкіндік деуге болады.
Білім және ғылым министрлігі Елбасымыздың «Болашақ жастардікі» ұстанымын ерекше пайдаланып, қалай болсын жас буынның білімсіз қалмауына қолдан келгеннің барлығын жасай білді. Әрине, қашықтықтан оқу бірден оңай болмайтыны белгілі. Бұл тұста менің ойымша, мұғалім, оқушы және ата – ана арасындағы мықты үштік құрылу қажет. Егерде осы сабақтастық өз дәрежесінде дұрыс орын алса, онда білім беру саласы ешқандай зиян көрмейді және оқушы білімсіз қалмайды.
Жаһанхалқын тәубесіне келтірген «COVID -19» пандемиясының беті қайтар емес. Алайда бұған қарамастан біздің еліміз тығырықтан шығар жолды таба білді. Мемлекетіміздің қабылдаған шешімін құп алып, оған қолдан келгенше көмек қолын созу барлық азаматтардың қазіргі міндеті деп есептеймін. Осы орайда, менде үйде отырып, өз оқушыларыма қашықтықтан білім беруді қабылдадым және жұмыстанып жатырмын. Менің сабағым информатика пәні болғандықтан, оқушылар өздері – ақ қызығушылық туғызып, сабақты бірден алып кетті. Күнделікті оқу барысында оқушылар жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Тіпті үйлерінде отырып –ақ, компьютердің қыр – сырын, пәннің түрлі аспектілерін үйреніп алған. Бұл менің жеткен басты жетістігім деп білемін.Бұл жаңа жүйе бойынша білім алуға мұғалім де, оқушы да еш дайындықсыз көшті.
Қазіргі ең басты мақсат – оқушылар білім алудан қол үзбеу керек. Ал осы жолда әр мұғалім өз ісіне жауапкершілік танытып, бұрынғыдан да мол күш жұмсау қажет. Барлық ұстаздар қауымына сабарлық тілей отырып, короновирус індетінің беті қайтып, қалыпты өмірге ораламыз деген зор сенім артқым келеді.